Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында Орталық жұмыскерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті
жұма, 24 Октябрь 2025
Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында Орталық жұмыскерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және азаматтардың денсаулығын сақтау бойынша қажырлы еңбегі үшін «Құрмет» орденімен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Манатұлы Омаров марапатталды.
«Еңбек ардагері» медалімен Шаруашылық сервистік қызметінің Ғимараттарды және құрылыстарды салу, жөндеу жөніндегі жөніндегі бас маманы Елшібаев Тимирхан Манжарденұлы марапатталды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды:
- Абишева Айнұр Қайырбекқызы — Физиотерапия және субалшықпен емдеу бөлімшесінің физиотерапевт-дәрігері;
- Омарбекова Қойсын Тайкенқызы — Трансфузиология бөлімшесінің кезекші мейіргері.
Алғыс хаттармен марапатталды:
1. Исабаев Дархан Орынбасарұлы - Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің нейрохирург дәрігері;
2. Қосаева Әдемі Жаппасқызы-Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің шаруа бикесі;
3. Смағұлов Руслан Харисұлы- Шаруашылық сервистік қызметінің бастығы.
«ҰНО» АҚ Басқарма төрағасы Серік Қуандықұлы Ақшолақов Орталық қызметкерлерін Республика күнімен құттықтап, мамандыққа адалдығы және пациенттердің игілігі үшін адал еңбегі үшін алғыс айтты.
Өз сөзінде ол Республика күні Қазақстанның Тәуелсіздікке алғашқы қадамының символы екенін атап өтті. Осының арқасында бүгінде елімізде жоғары технологиялық операцияларды орындауға және қазақстандықтарға сапалы медициналық көмек көрсетуге қабілетті заманауи нейрохирургия бар. Сөз соңында Серік Қуандықұлы баршаға зор денсаулық, жұмыста табыс және амандық тіледі!







