Қазақстандық нейрохирургтар Өзбекстанда: тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастық
сейсенбі, 14 Октябрь 2025
«Өзбекстандағы қазақстандық медицина күндері» бағдарламасы аясында Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері Онкология орталығының Бұхара филиалына барды.
Делегация құрамында:
- кіші инвазиялық нейрохирургия және шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-нейрохирург Виктор Григорьевич Алейников,
- тамырлы нейрохирургия бөлімшесінің невролог-дәрігері Сейтжан Айдаров болды.
Бүгін Онкология орталығының Бұхара филиалының базасында қазақстандық мамандар невропатолог-дәрігерлермен, нейрохирургтармен, клиникалық ординаторлармен, нейрохирургия магистрлерімен, сондай-ақ Бұхара медицина институтының 6 - курс студенттерімен дәрістер мен кездесулер өткізді.
Дәріс тақырыптары жұлын патологиясы кезіндегі нейрохирургиядағы және мидың терең құрылымдарын нейростимуляциялаудағы заманауи емдеу әдістеріне арналды.
Виктор Григорьевич Алейников тыңдаушыларға Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары әзірлеген зақымдалған омыртқа денелерін 3D имплантаттарға ауыстырудың бірегей инновациялық әдісін ұсынды.
Бұл Орталықтың ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижесі болған қазақстандық ноу-хау.
«Тәжірибеге енгізулермен қатар, біздің Орталық ғылыми жұмысты белсенді жүргізуде-10-нан астам гранттық зерттеулер жүргізілді. Олардың бірі — отандық «Ғалам» ғарыштық ұшу аппараттарын өндірушімен бірлесіп әзірленген, омыртқа денесінің физиологиялық құрылымын толығымен қайталайтын жеке 3D-имплантаттар жасау», - деп атап өтті Виктор Григорьевич.
Зерттеудің эксперименттік бөлігі Травматология және биомеханика институтында (Германия) жүргізілді, ал модельдеу нысаны АҚШ деректері болды.
Рұқсат беру құжаттары мен оң нәтижелерді алғаннан кейін Орталық мамандары әлемде алғаш рет гемангиома және омыртқа зақымданулары бар пациенттерге 4 операция жасап, технологияны клиникалық тәжірибеге сәтті енгізді. Өнертабысқа патент алынды.
Ал, өз кезегінде невропатолог дәрігер Сейтжан Айдаров әріптестеріне гиперкинетикалық бұзылулар мен қозғалыс бұзылыстары, соның ішінде Паркинсон ауруы кезінде терең нейростимуляцияны (DBS) қолдану туралы айтып берді.
Бұл операцияның мақсаты - созылмалы треморды және еріксіз қозғалыстарды жоя отырып, пациенттердің өмір сүру сапасын едәуір жақсарту.
Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары миды терең ынталандыру бойынша 500-ден астам ота жасады. Араласудан 3 ай өткен соң, Паркинсон ауруы бар науқастардағы қимыл-қозғалыс функциясы қалпына келіп, толыққанды тәуелсіз өмірге оралады.
Дәрістер мамандардың үлкен қызығушылығын тудырды, нейрохирургияның өзекті мәселелерін және одан әрі ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау алаңына айналды.
«Өзбекстандағы қазақстандық медицина күндері» бағдарламасы екі елдің медициналық мекемелері арасындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға және әріптестік қатынастарды дамытуға бағытталған.
Ұлттық нейрохирургия орталығы мамандарының белсенді қатысуы қазақстандық ғылым мен практикалық медицинаның жоғары деңгейін көрсетеді, сондай-ақ бірлескен зерттеулер мен тәжірибе алмасу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.







