Өзбекстанда қазақстандық медицина күндері жалғасуда!
сәрсенбі, 15 Октябрь 2025
Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері Онкология орталығының Бұхара филиалы базасында консультациялар мен операциялар жүргізуде.
Біздің мамандар функционалдық аурулары, омыртқа және жұлын патологиялары бар пациенттерге көмек көрсетуде. Ем қабылдауға жүгінгендер арасында Паркинсон ауруы, қимыл-қозғалыс бұзылыстары, эссенциалдық діріл және омыртқаның дегенеративті аурулары бар пациенттер бар. Барлығы 40-тан астам пациент қаралды.
Дәрігер-невролог Сейтжан Айдаров Паркинсон ауруы және эссенциалдық дірілі бар пациенттерге консультациялар жүргізді, дәрі-дәрмекпен емдеуді түзетулер енгізді, бұл олардың денсаулық жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
Нейрохирург-дәрігер Виктор Алейников бел омыртқасының дегенеративті стенозы, VL1-VL5 диск жарықтары диагнозы қойылған пациенттерге екі операция жасады.Транспедикулярлық бекітуді орнату арқылы декомпрессивті ламинэктомия операциялары жасалды. Араласудан кейін пациенттердегі ауырсыну айтарлықтай жеңілдегендігі, ауырсыну синдромы тоқтағандығы, жағдай тұрақталғандығы белгілі болды.
Өзбекстандық әріптестер қимыл-қозғалыс бұзылыстарымен байланысты аурулар — Паркинсон ауруы және эссенциалдық діріл — өзектілігін және мамандардың ерекше назар аударуын қажет ететінін атап өтті.
Бүгін Өзбекстанның Орталық онкологиялық институтымен бейнебайланыс жоспарланған - клиникалық жағдайлар мен емдеудің жаңа тәсілдері бірлесіп талқыланатын болады.
Өзбекстандағы қазақстандық медицина күндері - бұл тәжірибе алмасу ғана емес, ынтымақтастықты нығайтудың нақты қадамдары болып табылады.







