Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында Қарттар күніне арналған іс-шара өтті
сәрсенбі, 1 Октябрь 2025
Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында Қарттар күніне арналған іс-шара өтті. Дәстүрлі дастарханға Орталық қабырғасында талай жыл еңбек еткен ардагерлер шақырылды. Олардың арасында дәрігерлер, медбикелер және қызмет көрсету саласының қызметкерлері болды. Мерекелік дастархан барысында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Серік Ақшұлақов ардагерлерге жылы лебізін білдіріп, Орталықтың дамуына қосқан зор үлестері үшін алғысын айтып, денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі. Іс-шараны Орталықтың кәсіподақ комитеті ұйымдастырды.







