Ұлттық нейрохирургия орталығында «Абай оқулары» челленджін қорытындылау іс-шарасы өткізілді.

дүйсенбі,  8  Сентябрь  2025

   Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында Іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бөлімімен Қазақстан халқы тілдері күніне және Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай қызметкерлер арасында ұйымдастырылған «Абай оқулары» челленджін қорытындылау іс-шарасы өткізілді. 

   Хакім Абайдың ойсалатын қара сөздері, әуезді әндері мен жыр шумақтары насихатталған челлендж ұжым қызметкерлеріне әсері мол, керемет көңіл-күй сыйлады. Өткізілген челлендж - Абайдың әдеби мұрасы мәңгі өлмейтін рухани қазына екендігінің тағы да бір дәлелі. Челленджге қатысқан клиникалық, параклиникалық бөлімшелер мен әкімшілік басқару бөлімдерінің қызметкерлері Басқарма төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.


тiзiмге қайтару