Абайдың 180 жылдығына орай «Абай оқулары» республикалық байқауының қорытынды іс-шарасы өткізілді
дүйсенбі, 18 Август 2025
ҚР ДСМ және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай медициналық ұйым қызметкерлері арасында өткізілген «Абай оқулары» республикалық байқауын қорытындылау іс-шарасына «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ қызметкерлері барлық аталымдар бойынша белсене қатысты.
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» аталымы бойынша бақ сынаған Іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маманы М.Б. Мирзагелдиева «Әйгерімнің әуезді әні» арнаулы жүлдесімен, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, «Өлең- сөздің патшасы», «Абайдың қара сөздері», «Әлем таныған Абай» аталымдары бойынша Іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы Е.Х. Жаминова, осы бөлімнің жетекші маманы Г.А. Мамшаева, Жоспарлы-экономикалық бөлімнің бас маманы А.А. Жакупбекова, Білім беру бөлімінің кітапханашысы Т.А. Омарова және жетекші маманы А.И. Ибраева сайысқа түсті. Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс секторының жетекші маманы Е.Б. Еркибаев байқаудың бейнематериалдарын дайындауға ерекше үлес қосты.
Байқауға қатысқан барлық қызметкерлер Абай мұрасын насихаттауға қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен марапатталды.







