Әулиекөл аудандық ауруханасына госпитальдық фармацияны енгізу

сәрсенбі,  6  Август  2025

  4-6 тамыз аралығында Ұлттық нейрохирургия орталығының профессоры, Госпитальдық фармация бөлімінің бастығы Айгүл Төлепбергенова Әулиекөл аудандық орталық ауруханасына жұмыс сапарымен барды.

 Сапар аясында Айгүл Дүйсенбайқызы «Стационар жағдайында дәрілік заттарды инновациялық басқару» тақырыбында шебер-класс өткізді. Профессор өз тәжірибесімен бөлісіп, аурухана басшылығы мен қызметкерлерін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды басқарудың заманауи тәсілдерімен, сондай-ақ Ұлттық нейрохирургия орталығында қолданылатын оларды қауіпсіз, ұтымды және тиімді пайдалану үлгілерімен таныстырды.

   Айта кетейік, Госпитальдық фармация бөлімінің базасында Қазақстанның барлық өңірлерінен 400-ден астам маман оқытылды. Бүгінгі таңда дәрілік заттарды ұтымды пайдалану тәжірибесі Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының медициналық ұйымдарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында сәтті енгізілді.


тiзiмге қайтару