ҰНО-2025 түлектерін шын жүректен құттықтаймыз!

дүйсенбі,  4  Август  2025

  Бүгін «Нейрохирургия, оның ішінде балалар хирургиясы» және «Неврология, оның ішінде балалар неврологиясы» мамандықтары бойынша резидентураны бітірген туралы түлектерге куәлік табыс етілді.  Аталған іс-шарада «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Серік Қуандықұлы Акшулаков құттықтау сөз сөйлеп, орталық ұжымы түлектерге кәсіби жолдарының басталуымен ізгі тілектерін жеткізді.

    ҰНО-2025 түлектерін шын жүректен құттықтаймыз!  

«Нейрохирургия (ересек, балалар)» мамандығы бойынша:

 1. Бұршақ Абзал Әлмұханұлы

 2. Дүйсенғали Рамазан Сырлыбайұлы

 3. Елюбаев Алимхан Зейноллаевич

 4. Қуанышбеков Ержан Асқарұлы

 5. Махат Азамат Асылханұлы

 6. Өтеген Өтеміс Қадыржанұлы

 7. Хамит Әли Асқар Ғинаятұлы

«Неврология (ересек, балалар)» мамандығы бойынша:

 1. Бекежанұлы Бекзат

 2. Жаныбеков Ерасыл Талғатұлы

 3. Қаржаубай Сәния Бақытқызы

   2008 жылдан бастап Ұлттық нейрохирургия орталығында «Нейрохирургия» мамандығы бойынша резиденттерді дайындау бағдарламасы жүзеге асып келеді. Бүгін – он үшінші түлектер легі, осы уақыт аралығында 65 нейрохирург дайындалды. 2015 жылдан бастап «Неврология» мамандығы бойынша резиденттер дайындала бастады. Бүгін – сегізінші түлектер легі, барлығы 27 невролог білім алып шықты.

 


тiзiмге қайтару