Қызметкер туралы ақпарат
Мустафаева Алина
Нейрооңалту бөлімшесінің меңгерушісі, невропатолог дәрігері
- Бөлім
Нейрооңалту бөлімшесінің меңгерушісі, невропатолог дәрігері, қауымдастырылған профессор, PhD докторы, медицина ғылымдарының кандидаты. Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын бітірген. 2006 - 2007 жылдары орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдары бар балаларға арналған облыстық оңалту орталығының невролог дәрігері; 2007 – 2010 жылдары Санкт-Петербург қаласындағы (Ресей) профессор А.Л. Поленов атындағы РНХО ФММ невролог дәрігері. 2011-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының дәрігелер мен провизорлардың білімін жетілдіру факультетінің неврология, психиатрия және психология кафедрасының ассистенті. Біліктілікті жоғарылату: Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бойынша федералды агенттіктің Санкт-Петербург дипломнан кейінгі білім беру медицина академиясында «Қалпына келтіру медицинасы» мамандығы бойынша бастапқы даярлау және қайта даярлаудан өтті (2009 ж. Санкт-Петербург қ., Ресей). 2012 жылдан бастап «ҰНО» АҚ Нейрооңалту бөлімшесінің невропатолог дәрігері.



