Жапон елінен келген профессор Каору Курису Ұлттық нейрохирургия орталығында болды
Пятница, 28 Ноябрь 2025
Ұлттық нейрохирургия орталығына Хиросима университетінен танымал жапон нейрохирургы, медицина ғылымдарының докторы (M.D., Ph.D.). профессор Kaoru Kurisu келді.
Профессор Kurisu күрделі нейрохирургиялық операцияларда, соның ішінде ми ісіктері мен қантамырлары ауруларын емдеуде және орталық жүйке жүйесінің қызметін диагностикалау мен қалпына келтіруді жақсартуға бағытталған ғылыми зерттеулерде үлкен халықаралық тәжірибеге ие.
Қонақты «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Серік Ақшолақов қарсы алып, клиника жұмысымен таныстырды. Профессор Kurisu клиникалық бөлімшелердің, операциялық залдардың, «Гамма-пышақ» блогының жұмысымен және Орталықтың басқа да заманауи технологияларымен танысты.
Кездесу барысында тараптар бірлескен зерттеулер мен ОЖЖ ісіктерін емдеудің заманауи әдістерін енгізу перспективаларын, сондай-ақ әлемдік нейрохирургиядағы тәжірибе және жаңа технологиялармен алмасуды талқылады.



