Өзбекстандағы қазақстандық медицина күндері аяқталуға жақын

Өзбекстандағы қазақстандық медицина күндері аяқталуға жақын

Пятница,  17  Октябрь  2025

Бүгін бағдарламаның соңғы күні Ташкентте Халықаралық ғылыми-практикалық медициналық форум өтіп жатыр, оның аясында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Серік Қуандықұлы Ақшолақов сөз сөйледі.

Серік Қуандықұлы өз баяндамасында форум қатысушыларына Ұлттық нейрохирургия орталығының қызметі мен жетістіктерін таныстырды, Орталық Азия аумағындағы жалғыз «Гамма-пышақ» радиохирургиялық қондырғысын қолданудың озық технологиялары мен тәжірибесі туралы баяндады. Бұл технология ісіктерді, тамырлы және функционалды ми ауруларын емдеу үшін қолданылады, бұл араласудың жоғары дәлдігі мен кіші инвазиялығын қамтамасыз етеді.

Форум аясында Ұлттық нейрохирургия орталығы (Қазақстан) мен Республикалық мамандандырылған нейрохирургия ғылыми-практикалық медициналық орталығы (Өзбекстан) арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Келісімнің мақсаты- «Гамма-пышақ» әдісімен стереотактикалық емдеу саласындағы серіктестік байланыстарды нығайту және Өзбекстан пациенттері үшін жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.

Форумға қатысудан басқа, Өзбекстандағы Қазақстандық медицинаның барлық күндері Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері пациенттерге кеңес беріп, хирургиялық операциялар жасап, Бұхара мен Ташкенттегі өзбек әріптестеріне дәрістер оқып жоғары белсенділік танытты.

Серік Қуандықұлы Ақшолақов қазақстандық нейрохирургиялық мектептің тәжірибесімен бөлісе отырып, пациенттерге дәріс сабақтары мен консультациялар өткізді.

Бағдарламаның аяқталуы сапардың қорытындысы ғана емес, екі елдің медициналық қауымдастығы арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың басталуы болмақ.

 


Возврат к списку