Серік Ақшолақов Ташкенттегі Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық нейрохирургия медициналық орталығына барды
Четверг, 16 Октябрь 2025
Өзбекстандағы қазақстандық медицина күндері аясында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, академик Серік Қуандықұлы Ақшолақов Ташкенттегі Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық нейрохирургия медициналық орталығына барды.
Сапар барысында Серік Қуандықұлы Ташкент нейрохирургия орталығының қызметімен танысып, әріптестерімен келелі кездесу өткізіп, қазіргі заманғы нейрохирургияның өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Сапар аясында профессор Ақшолақов Қазақстанда «Гамма-пышақ» радиохирургиялық қондырғысын қолдану тәжірибесіне арналған дәріс пен презентация ұсынды, сондай-ақ ми мен жұлын ісіктерін, функционалдық бұзылулар мен эпилепсияны сәтті емдеудің бірқатар қызықты клиникалық жағдайларымен бөлісті.
Мұндай кәсіби кездесулер Қазақстан мен Өзбекстан нейрохирургтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, озық тәжірибемен алмасуға және медицина саласына инновациялық технологияларды енгізуге ықпал етеді.



