Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері WFNS 2025 19-шы Дүниежүзілік конгресіне қатысты

Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері WFNS 2025 19-шы Дүниежүзілік конгресіне қатысты

Пятница,  5  Декабрь  2025

Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері WFNS 2025 19-шы Дүниежүзілік конгресіне қатысып, халықаралық қоғамдастыққа өз жұмысының практикалық нәтижелерін, ми мен жұлынның күрделі ауруларын емдеуге заманауи тәсілді, сондай-ақ ҰНО клиникалық практикасына енгізілген инновацияларды ұсынды.

Негізгі жетістіктердің қатарында  Орталықтың ТМД мен Орталық Азияда алғаш рет енгізген технологиялары, соның ішінде кіші инвазиялық нейрохирургия дамуының жаңа кезеңіне айналған 3D — эндоскопиялық трансназальды хирургияны пайдалану бар.

ҰНО делегациясының WFNS 2025 19-шы Дүниежүзілік конгресіне қатысуы көп жылдық клиникалық тәжірибені ұсынудың, әлемдік сарапшылармен білім алмасудың және халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды мүмкіндігі болды.

Ұлттық нейрохирургия орталығының делегациясы:

Талғат Тынышбайұлы Керімбаев - Жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі; медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰЖҒА академигі, Қазақ нейрохирургтар қауымдастығының вице-президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Ерен еңбегі үшін» ордендерінің иегері, Қазақстанның қазіргі заманғы жұлын нейрохирургиясының негізін қалаушы.

- Телтаев Данияр - өңірлермен ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс басқармасының бастығы, дәрігер-нейрохирург, қауымдастырылған профессор, медицина ғылымдарының кандидаты.

- Нуриманов Шыңғыс – тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің дәрігер нейрохирургі, PhD докторы.

- Маммадинова Ирода - тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері.

Тұйғынов Жандос Мұхтарұлы — Жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің дәрігер нейрохирургі.

Конгресс туралы анықтама

WFNS 2025 19-шы Дүниежүзілік конгресі Біріккен Араб Әмірліктерінде (Дубай) өтуде және 130 елден келген 1800-ден астам қатысушыны біріктіреді. Форум «Нейрохирургияның болашағын қалыптастыру» тақырыбында, тәжірибе алмасуға және озық технологияларды көрсетуге арналған әлемдегі ең ірі алаңдардың бірі болып табылады.

 


Возврат к списку