Ұлттық нейрохирургия орталығы 2025 жылғы 27-28 қарашада «EXPO» халықаралық көрме орталығында өткен GlobalMedKz көрмесіне қатысты

Ұлттық нейрохирургия орталығы 2025 жылғы 27-28 қарашада «EXPO» халықаралық көрме орталығында өткен GlobalMedKz көрмесіне қатысты

Пятница,  28  Ноябрь  2025

Ұлттық нейрохирургия орталығы 2025 жылғы 27-28 қарашада «EXPO» халықаралық көрме орталығында өткен GlobalMedKz көрмесіне қатысты.

Іс-шара Денсаулық сақтау және медициналық туризм саласындағы жетекші мамандар мен компанияларды жинады. Ұлттық нейрохирургия орталығы үшін көрмеге қатысу тәжірибе алмасу, инновациялық технологияларды көрсету және жаңа іскерлік байланыстар орнату үшін маңызды алаңға айналды.

 Көрмеге 16 жақын және алыс шетелден  40 — тан астам экспонент қатысты, олардың арасында медициналық мекемелер, медициналық жабдықтарды өндіруші зауыттар мен дистрибьюторлар, стартаптар мен зерттеу ұйымдары бар.

Көрмеге келушілер медицина саласындағы соңғы жетістіктермен танысып, өзекті мәселелер мен үрдістерді талқылады, ал қатысушылар өздерінің әзірлемелерін, шешімдері мен технологияларын ұсынды.

 Ұлттық нейрохирургия орталығы орталықтың жабдықталуын, өз қызметі туралы ақпараттық материалдарды ұсынды, сондай-ақ барлық мүдделі адамдарға консультациялар берді. Госпитальдық менеджмент бөлімінің бас маманы Ербол Зейдуллаев қонақтарға Орталық жұмысының мүмкіндіктері мен бағыттары туралы егжей-тегжейлі баяндады.

 Мұндай іс-шаралар медициналық туризмді дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және қазақстандық медицинаны халықаралық аренада ілгерілетуге ықпал ететіні атап өтілді.

 


Возврат к списку