Бүгін бүкіл әлемде Анестезиолог күні атап өтіледі!

Бүгін бүкіл әлемде Анестезиолог күні атап өтіледі!

Четверг,  16  Октябрь  2025

Бұл мереке пациенттердің өмірі мен денсаулығын көз ілмей, күн демей, түн демей күзететін,  әр операцияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ауырсынуды жеңілдететін және адамға емдеудің ең қиын сәттерінен өтуге көмектесетін жандардың құрметіне арналған.

Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы өз өмірін осы ізгі және аса жауапты мамандықпен байланыстырған барлық анестезиологтарды, реаниматологтарды және мейіргерлерді шын жүректен құттықтайды.

Біздің Орталықтың Анестезиология және реанимация бөлімшесінде 14 дәрігер-анестезиолог - реаниматолог, 27 мейіргер-анестезист пен пост — мейіргері,  14 санитар  адам жанын арашалау жолында  күн сайын тынбай еңбек етеді.

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, кәсіби өркендеу, рухани әл-қуат пен амандық тілейміз! Атқаратын жауапты жұмыстың  әр күні пациенттердің риясыз алғысы  мен ыстық ықыласына  толы  болсын.

 


Возврат к списку