Ұлттық нейрохирургия орталығына халықаралық делегация келді

 Ұлттық нейрохирургия орталығына халықаралық делегация келді

Среда,  3  Сентябрь  2025

Бүгін, 3 қыркүйекте, Ұлттық нейрохирургия орталығына халықаралық делегация келді.

Делегация құрамында БАӘ, Индонезия, Малайзия және Үндістаннан келген медицина саласының танымал өкілдері, инфлюенсерлер, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері болды.

Кездесудің мақсаты – ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің медициналық агенттері, блогерлері мен дәрігерлеріне арналған таныстыру турын өткізу, Астананы туристік дестинация ретінде ілгерілету, сондай-ақ медициналық туризмді дамыту және елордалық медициналық ұйымдардың мүмкіндіктерін таныстыру.

Тур барысында шетелдік қонақтар орталықтың медициналық ғылымдағы жетістіктерімен, клиникалық тәжірибеде озық технологияларды қолдануымен және медициналық қызмет көрсетудің жоғары стандарттарымен танысты.

Делегацияның ерекше қызығушылығын радиология және радиохирургия бөлімшесі тудырды. Мұнда Орталық Азиядағы жалғыз «Гамма-пышақ» аппараты орнатылған, оның көмегімен 2000-нан астам ота жасалды.


Возврат к списку