+7 (7172) 62-11-00,
+7 701 062 11 00(Kcell/Activ),
+7 747 511 60 00(Altel)

010000, Қазақстан Республикасы, Астана, Тұран даңғылы 34/1

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Омыртқа сынықтарын операциялық емдеу

Омыртқа сынықтарынжедел емдеу тәсілдері

Омыртқаның компрессивті сынықтарын хирургиялық жолмен емдеу тәсілі жүйке құрылымының компрессивті сынығы (жұлын), омыртқаның тұрақсыздығы, сонымен қатар ауырсыну білінген кезде көрсетіледі. Мысалы, рентгенограммада омыртқа биіктігінің 50% жоғары көрсеткіште төмен түсуі нәтижесінде омыртқа тұрақсыздығы пайда болады, ал, ол өз кезегінде жүйке құрылысының (қозғалысқа байланысты) динамикалық компрессиясына әкеліп соғады. Бұндай жағдайда хирургиялық тәсілмен емдеу жұлын мен жүйке тамырларының шеттерінің зақымдануының алдын алу үшін қажет.

Омыртқаның компрессивті сынығын біздің орталықта бірнеше типті операциямен жасайды. Сыныңтың түріне немесе жүйке құрылымының қысылу деңгейіне орай дәрігер белгілі бір операция түрін таңдайды. Омыртқа сынықтарын хирургиялық жолмен емдеудің басты қағидасы жүке құрылымының декопрессиясы, (егер сүйек құрылымының жұлын немесе жүйке талшықтарының шеттерін қысуы байқалса), сынған омыртқа сегментінің стабилизациясы, яғни тұрақтануы (физиологиялық тұрғыдан тиімді жағдайдағы фиксациясы).

Емдеу әдістері:

  •  Вертребропластика
  •  Кифопластика
  •  Декомпрессивті операциялар
  •  Омыртқаның зақымданған сегментіннің тұрақтандыра отырып, бір мезетті резекциясын жасау