+7 (7172) 62-11-00,
+7 701 062 11 00(Kcell/Activ),
+7 747 511 60 00(Altel)

010000, Қазақстан Республикасы, Астана, Тұран даңғылы 34/1

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Мидың қатерсіз және қатерлі ісіктері

Белгілері

Ми ісігінің сипаттары мен белгілері оның көлеміне, орналасуына және даму жылдамдығына орай әртүрлі болып келеді.

Ми ісігінің жалпы сипаттары мен белгілері:

  • Бас аурулары немесе кәдімгі бас аурулардан өзгешеленетін бас аурулары (ісік нәтижесінде пайда болатын бас аурулар уақыт өткен сайын жиілейді және күшейеді, адам жатқан кезде немесе ұйқыдан соң күшейеді);
  • Түсініксіз жүрек айнулары және құсу;
  • Көру нашарлайды: бейне бұлыңғырланады, көбейіп көрінеді, алыстағы және шеткі бейнелер көру аумағынан мүлде жоғалады;
  • Біртіндеп иіс сезу, қолмен, аяқпен сипап сезу жоғалады;
  • Дененің тепе -теңдігін сақтау қиындайды;
  • Сөйлеу қиындайды немесе бұзылады;
  • Күнделікті атқарып жүрген жұмыстарды істеу қиынға соғады;
  • Адамның өзін - өзі ұстауында өзгерістер пайда болады;
  • Ұстамалар, әсіресе бұрын бұндай ауру белгілері болмаған емделушілерде көрініс бере бастайды;
  • Есту қабілеті нашарлайды;
  • Гормондардың (эндокриндік) бұзылуы;
  • Сананың бұлыңғырлануы, маужырай беру, құлақтың тұнып қалуы, ми комасы.

Классификациясы

Бірден мида пайда болатын ісіктері ми тіндерінде немесе оның шеттерінде, мысалы, мидың қабығында, бассүйек жүйке жүйесінде, гипофизде пайда болып, дамиды. Мидағы ісіктердің даму қарқыны қалыпты жасушалар ДНК қателіктеріне (мутацияларына) кездескен кезде күшейеді. Бұл мутациялар жасушалардың бөлініп, көбейіп, сау жасушалар өлуі тиіс кезде де өмір сүре беруіне әкеліп соғады. Осы патологиялық жасушалар ісік тудырады.

Бірден мида пайда болатын ісіктер бірінші ағзаның басқа мүшесінде пайда болып, сосын миға таралатын ісіктерге қарағанда сирек кездеседі. Бірден мида пайда болатын ісіктердің түрлері өте көп. Олардың классификациясы осы ісіктік өзі пайда болатын тіндердің түріне негізделеді.

Мысалы:

  • Есту жүйкесінің невриномасы (шваннома);
  • астроцитома;
  • глиома және глиобластома;
  • эпендимома;
  • эпендимобластома;
  • медуллобластома;
  • менингиома;
  • нейробластома;
  • олигодендроглиома;
  • пинеобластома.

Миға ағзаның басқа мүшелерінде пайда болған ісіктерден таралатын ісіктер

Метастатикалық ісіктер дегеніміз бірінші ағзаның басқа мүшесінде пайда болып, аналық даму процесі барысында кез - келген келесі мүшеге таралып, нәтижесінде миға таралатын немесе метастаздалатын ісіктер болып табылады. Аналық ісіктердің кез келгені миға метастаздала алады, дегенмен олардың ішіндегі ең көп таралғандары болып төмендегі түрлері табылады:

  • сүт безінің обыры;
  • тоқ ішек обыры;
  • бауыр обыры;
  • өкпе обыры;
  • меланома;
  • нейробластома;
  • саркома.

Қауіп факторлары

Бірден мида пайда болатын ісіктердің туындауына себепші генетикалық мутацияның нақты себебін дәрігерлер ашып айта алмаса да, олар мида ісіктің пайда болу қауіпін күшейтетін факторларды анықтады. Оларға төмендегі факторлар жатады:

Адамның жасы.

Мида ісік пайда болу қауіпі жас ұлғайған сайын күшейеді. Көбінесе бұл жасы 45- тен асқан адамдарда кездеседі. Дегенмен мидың ісігі адамның жас ерекшелігіне қарамастан пайда бола береді. Ми ісігінің кейбір түрлері, мысалы, медуллобластомалар немесе мишықтың аталық астроцитомлары негізінен тек қана балаларда кездеседі.

Радиация әсеріне қаупі.

Ағзасы ионды радиация қабылдаған адамдар бірінші кезекте ми ісігіне шалдығуы мүмкін адамдар қатарына жатады. Мысалы, ағзасы ионды радиация қабылдаған адамдар қатарына обырды емдеу үшін қолданылатын сәулелі терапия қабылдаған немесе атом бомбалары әсерінен еріксіз қабылдаған, сондай ақ радиоактивтік сәуле бөлетін техногенді катастрофа кезінде радиация қабылдаған адамдар қатары жатады.

Радиацияның кең таралған түрлері болып табылатын, мысалы, жоғары қуаттылығы бар тоқ бағаналарынан, ұялы телефондардан және қысқа толқынды пештерден бөлінетін электромагниттік сәулелер ми ісігінің даму қарқынын жеделдететін факторлар екендігі дәлелсіз болды.

Жұмыс орнында химиялық заттардың әсеріне ұшырау қаупі

Нақты кәсіпорындарда жұмыс жасайтын адамдарда жұмыс барысында химиялық заттармен жұғысатындықтан да ми ісігіне шалдығу қауіпі зор. Зерттеулер бұл ақпаратты кей -кездерде растамайды, дегенмен, ауыл шаруашылығы, электротехникалық өндіріс орындары, денсаулық сақтау және мұнай өңдеу өнеркәсібі орындарында жұмыс атқаратын адамдардың ми ісігіне шалдығу фактілері жиі кездеседі.

Ми ісігінің жанұялық анамнезі.

Ми ісігінің біршама бөлігі ісіктің даму қарқынын күшейтетін ми ісігінің жанұялық анамнезі бар адамдарда немесе генетикалық синдромдардың жанұялық анамнезі бар адамдарда кездеседі.

Емдеу әдістері:

  • Интраоперациялық навигациялық жүйенің көмегімен мидың ісігін микрохирургиялық жолмен алып тастау.
  • Интароперациялық нейромониторинг арқылы ми ісігін микрохирургиялық жолмен алып тастау.
  • Бас сүйектің негізінде орналасқан, яғни қол жетімсіз жерлердегі ісіктерді аралас трансбазальды енгізу және интраоперациялық нейромониторинг, эндоскопиялық ассистенция арқылы алып тастау.
  • Интраоперациялық нейромониторингті қолдану арқылы көлемді ісіктердің микрохирургиялық биопсиясы.