+7 (7172) 62-11-00,
+7 701 062 11 00(Kcell/Activ),
+7 747 511 60 00(Altel)

010000, Қазақстан Республикасы, Астана, Тұран даңғылы 34/1

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Әртүрлі этиология гидроцефалиясы, мидың кистасы

Ми гидроцефалиясы халық арасында водянка деп аталады – мидағы цереброспинал сұйықтығының шектен тыс көбеюі салдарынан болатын жүйке ауруы. Әдетте бұл ауру түрі бала кезде болатын ауру деп есептеледі, дегенмен 18 жастан асқан адамдарда да кездесетін сәттер болады.

Белгілері

Аурудың кең таралған белгісі болып бастың ауруы, жүрек айнуы, құсу, көрудің нашарлауы (белгілі бір затты анықтап көре алмау, бейененің бұлдырауы), көз қарашығы орналасуының өзгеруі (көз қарашығының төмен тартуы, көзі айналып кеткен сияқты), вестибуляры аппарат жұмысының ауытқуы (кеңістікте координацияның бұзылуы, бастың айналуы, жүрістің бұзылуы), ебейдейсіздік, әлсіреу, есінен тану, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, дәреттің ұстамсыздығы, жүйкенің жұқаруы, ашуланшақты, кейде маужырай беру жатады. Ауру белгісінің қай түрі дамитындығы аурудың пайда болу себебіне байланысты. Мысалы, егде жастағы адамдарда ағзаның жас ұлғаюына сай болатын өзгерістерімен байланысты нормотензивті гидроцефалия көп кездеседі. Бұл жүрістің бұзылуы, ұмытшақтық, ойлау қабілетінің баяулауы, енжарлық сынды белгілер береді. Егде жастағы адамдардың гидроцефалиясының ең айқын белгісі — психикалық ауытқушылық. Психикалық ауытқушылық эмоционалдық тұйықталу, қояншық талмалары, апатиялар, депрессия, елестер, түрлі маниялар, делирия түрінде көрініс береді.

Ми кистасы

Киста дегеніміз іші сұйықтыққа толы ісік түрі. Олар адам ағзасының барлық мүшелерінде, соның ішінде мида да пайда бола береді.

Белгілері

Әдетте киста мүлде белгі бермей дами беруі мүмкін. Ми кистасы дамуының ортақ белгісі болып қысымның көтерілуі, құлақтың шулауы, көз алдында елестер, талып қалу, дене сезімталдығының төмендеуі, бас аурулары, естен танып қалу, ұмытшақтық табылады. Ми кистасының жергілікті белгілері оның орналасқан жеріне байланысты. Мысалы, адам денесін сеңгере алмауы, тепе теңдікті сақтай алмауы мишықтың кистасына тән.

Пайда болуының себептері мен классификациясы

Ми кистасының екі түрі болады, олардың орналасуы әрқалай болып келеді:

  • Бас жарақаты, гематома салдарынан ми қабығының арасында арахноидты киста пайда болады;
  • Ми ішіндегі кисталар — мидың өлі тіндерінің пайда болуынан, тұрлі жарақат салдарынан, миға қан құйылуы салдарынан пайда болады.

Емдеу түрлері:

Шунтирлеу жүйесінің имплантациясы

Эндоскопиялық вентрикулоцистерностомиясы