Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Мидың магистральді артериясының атеросклерозды тарылулары

Ұйқы артериясының стенозы – миға қан беретін негізгі екі тамырдың тарылуымен сипатталады. Бұл аурудың дамуына өмір салтының дұрыс ұйымдастырылмауы, холестериннің шамадан тыс көп мөлшері, шылым тарту, жоғары артериальді қысым, қант диабеті себеп болады. Ұйқы артерияларының тарылуы тамырдың ішкі бетінде малы заттар, холестерин жиналуынан пайда болатын атеросклеротикалық ісігі салдарынан қалыптасады. Кейбір жағдайларда бұл артерияның толық бітеліп қалуына соқтырып (окклюзия), одан да күрделі қиындықтырға, мысалы, ишемиялық инсульттың дамуына әкеліп соғады.

Белгілері

Әдетте ұйқы артериясының стенозы ерте кезеңдерде ешқандай анық белгілермен айқындалмайды. Адам өз бойында бұндай патологияның бар екендігін транзиторлы ишемиялық шабуыл немесе инсульт болғанынша байқамайды. Транзиторлы ишемиялық шабуыл да инсульт сияқты мидағы қан айналымның ауытқушылығы, бірақ бір сағаттан аз уақытқа созылады және соңында бұзылған функциялар өз беттерінше қалпына келеді.

Емдеу әдістері

1. Ұйқы аретиясы стенозы жағдайында мойын мен бас қан тамырларының эндоваскулярлы стенттелуі