+7 (7172) 62-11-00,
+7 701 062 11 00(Kcell/Activ),
+7 747 511 60 00(Altel)

010000, Қазақстан Республикасы, Астана, Тұран даңғылы 34/1

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Бассүйек-ми нервтерінің невралгиясы

Бас сүйек- миы нервілеріне үш тармақты жүйке, тілдік- жұтқын жүйкесі, бет жүйкесі жатады. Үш тармақты жүйке невралгиясы бұдан әрі - ҮТЖН

Үш тармақты жүйке – беттің сезгіштігін, үстірт - ауру сезгіштігін және жанасуын, тереңдігі – проприоцептивтігін қамтамасыз ететін басты нерв болып табылады. Көбінесе ҮТЖН 50-69 жастағы әйелдерде кездеседі және оң жақты материалдығы болады. Аурудың дамуына алуан түрлі тамырлық, эндокринологиялық – алмастыру, аллергиялық бұзулықтар, сонымен қоса психогенді факторлар мүмкіндік береді. ҮТЖН –ді идиопатикалық ауру деп санайды. Дегенмен, аурудың патогенезін түсіндіретін бірнеше теориялар қалыптасқан. ҮТЖН пайда болу себептерінің бірі - ішкі және сыртқы бас сүйектің үш тармақты жүйкесін қысып сығу болып табылады. Қысып сығу ісіктер, жарақаттан кейінгі дәнекерлеу процестері, инфекциялар салдарынан пайда болады, бірақ көбінесе мишық бүгілмелі артерия, көк тамырлардың ұлғаюы және жылжуы салдарынан туындайды. Сонымен қоса, негізгі артерияның аневризіміненде пайда болуы мүмкін. Бас сүйектен тыс факторлардың арасында келесілерді атап көрсеткен жөн:

1) туннельді синдромды қалыптастыру (кемік каналдардағы 2 және 3 тарамдарын сығу – қарт жаста көк тамырлар ауруларын қосу және төменгі жақ-сүйектерінің туа біткен тарлығы кезінде және көз түбі тесіктері);

2) жергілікті оданто – немесе риногенді ісіп қызару процессінің нәтижесінде.

Бұл ауру тісті жұлып алған соң да дамуы мүмкін (шұнқырша нерві ісіп қызарады) – герпетикалық инфекция нәтижесінде мидың өзегіндегі қан айналымының бұзылуында одантогенді невралгия пайда болады, кей жағдайды бытыраңқы склероз кезінде үш тармақты жүйке түбінің демиелинизациясы салдарынан туындайды.

Белгілері:

  •  Бет тұсында кенеттен ауру пайда болады, аурудың ұстау уақыты бірнеше секундқа дейін жетеді
  •  Ауру ауыр, атқылағыш және электр тоғымен ұрған сияқты болуы мүмкін
  •  Ауру бетке қол ұшын тигізгеннен кейін, шәйнау, сөйлеу немесе тісті тазалау кезінде болуы мүмкін
  •  Ауру бет тұсында үш тармақты жүйкемен таралады - астыңғы жақсүйек, бет , тістің еті, ерін, кейде көз және маңдай тұсына таралады
  •  Ауру вегетативті реакциялармен қатар болуы мүмкін, яғни жастың ағуы, гиперсаливация (сілікейді бақылай алмаушылық), гиперемия (қызару)
  •  Үш тармақты жүйкенің астыңғы жақсүйек бұтақтары зақымданған кезде шәйнау бұлшықеттерінде қозғалыс бұзулары болуы мүмкін - тартқылау, спазмдар, атрофия

Тілдік –жұтқын жүйкесінің невралгиясы

Тілдік –жұтқын жүйкесінің невралгиясы өте сирек кездеседі- приступ жұтқын бөлігіндегі аурулардан басталып, құлақ және астыңғы жақ-сүйек бөлігіне таралады. Бұл ауру барысында сондай-ақ куркілік зоналар болады - ауыздың түбінде, тілдің ұшында, миндалинде

Емдеу әдістері:

1) радио жиілілік термодеструкциясы

2) микроваскулярлық декомпрессия