Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Патологоанатомиялық бөлімше

Орталықтың Патологоанатомиялық бөлімшесі Орталықтың оңаша  типтік ғимаратында орналасқан және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін  «CARL ZEISS» фирмасының заманауи аппаратымен жабдықталған. 
Бөлімше екі құрылымдық бөлімнен тұрады: патоморфологиялық зертхана (экспресс-биопсияны зертханалық зерттеу, иммунолюминисцентті, гистохимиялық және цитоморфологиялық зертханалар) және мәйітхана.
Патологоанатомиялық бөлімшенің басым бағыттары тірі пациенттен алынған  операциялық-биопсиялық биоматериалды әртүрлі құрылымдық деңгейлерде (тіндік, жасушалық, биохимиялық) зерттеу болып табылады. Бөлімше базасында Қазақстанда алғаш рет ОЖЖ ісіктерін экспресс-әдіспен интраоперациялық патоморфологиялық зерттеу енгізілді.  Бөлімшедегі зерттеулердің негізгі әдістері: макроскопиялық, гистологиялық (люминесцентті, поляризациялық және фазалы-контрасты микроскопия), гистохимиялық, цитоморфологиялық және микробиологиялық.
Зертханаларда гликоген, липид, муцин, темір, меланин, мыс, аргирофильді, иілімді және коллагенді талшықтарды анықтайтын гистохимиялық зерттеулер жүргізілді. ОЖЖ микоздарын люминисцентті, поляризациялық және фазалы-контрасты микроскопиямен зерттеу әдістемелері, флюоресцирацияланушы антидене әдісімен саңырауқұлақшаларды анықтау енгізілуде.
Бөлімшеде келесі зерттеулер мен қызметтер көрсетіледі:
1) Патологиялық процесстердің барлық түрлерін дәстүрлі және экспресс (шұғыл) әдістермен, күрделі биопсиялар-әртүрлі органдардың қатерлі ісіктерін диагностикалау және диф/диагностикалау, гепато - және нефробиопсия, тері,  анабез, бұлшықет және сүйек тіні биопсиясы енетін патоморфологиялық диагностика. Кальцисіздендіру заманауи әдісінің арқасында сүйек тінін зертеу 10 күннен 1 күнге дейін қысқартылды. ПАБ-не биоматериал келіп түскеннен кейін 1-3 күн өткен соң гистологиялық препараттардың суреттері бар қорытынды беріледі. Экспресс-биопсия қорытындысы биоматериал бөлімшеге келіп түскеннен кейін 15-20 минутта беріледі. 
2) Романовский-Гимза, Папаниколау бойынша реңктерді қолданумен пункциялық биоматериалды цитоморфологиялық зерттеу;
3) орталық жүйке жүйесі ісіктерін зерттеудің иммуногистохимиялық әдісі;
4) қайтыс болғандардың денелерін патологоанатомиялық ашу;
5) әдет-ғұрып қызметтері.  
Бөлімше меңгерушісі - Жетпісбаев Берік Барлыбайұлы, жоғары санатты дәрігер-патологоанатом.