Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Жалпы нейрохирургия бөлімі

Жалпы нейрохирургия бөлімінде ақылы негізде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған нейрохирургиялық қызметтердің кең ауқымды спектрі көрсетіледі. Ақылы негізде нейрохирургиялық және қалпына келтіру емін алудың ерекшелігі тез арада ауруханаға жатқызу, сондай-ақ емдеу кезіндегі индивидуалды адамның бабын табу болып табылады. Жалпы нейрохирургия бөлімі жеке блокта орналасқан және ыңғайлы бір орынды, екі орынды палаталармен қамтылған.

Біз келесі ауруларды емдейміз:

  •         Бас миының ісіктерін
  •         Арқа омыртқаларының арасындағы дискілердің жарықтарын
  •         спондилолистезті
  •         арқа омыртқасының функционалды тұрақсыздығын
  •         әртүрлі деңгейлердегі арқа омыртқа каналдарының стенозын
  •         бас миының кистасын, гидроцефалиясын
  •         бас миы қан тамырларының аневризмін
  •         бас миы магистралды артерияларының окклюзиясын (экстра және интракраниалды бөлімдерде)
  •         бас және мойын қан тамырларының стенозын
  •         бас миы және жұлын қан тамырларының артеривенозды мальформациясын
  •         арқа омыртқасы миының экстра және интрамедуллярлы ісіктерін
  •         бас сүйек – миы нервілерінің невралгиясын, арқа омыртқасы фасетнүктелік нервілерін
  •         арқа омыртқасы, бас миының зақымдануы, бас миы қан айналымының аса ауыр ауыспалы бұзушылықтарының салдары
  •         перифериялық нерв жүйесінің ауруларын.

Бөлімнің мүмкіндіктері

Жалпы нейрохирургия бөлімі емдеудің ең жаңа әдістерін қолдану арқылы орталық нерв жүйесі зақымданған және ауруы бар науқастарды хирургиялық емдеумен айналысады, атап өтсек:

  •         Клипиралық аневризм
  •         Бас миы қан тармырларының аневризмі кезінде эндоваскулярлық емдеу
  •         Қан тамырлары ауытқуын микрохирургиялық тілу (артериовенозды мальформация, артеривенозды фистул);
  •         Тамырлары паталогиясының жапсырмалы компоненттер арқылы  эндоваскулярлық эмболизациясы (артериявенозды мальформация, артериявенозды фистул);
  •         Бас және мойын қан тамырларын эндоваскулярлық стентирлеу;
  •         Транспедикулярлық құрылғыларды, дене арасындағы кейдждерді және басқа да импланттарды қолдана отыра, декомпрессивті-тұрақтандырушы  операциялар;
  •         Арқа омыртқасы және жұлынның паталогиясы кезіндегі перкутантты транспедикулярлық бекіту;
  •         Перкутантты вертебропластика, кифопластика;
  •         Арқа омыртқасының бел бөлігіндегі жарық дискілерін эндоскопиялық алып тастау;
  •         Арқа омыртқасының жарығын микрохирургиялық жолымен алу;
  •         Арқа омыртқасы мойын және бел бөлігінің дегенеративті зақымдануы кезіндегі лазерлік вапоризация;
  •         Арқа омыртқасының динамикалық тұрақтандырылуы; (қылқан арасындағы импланттанттар);
  •         Интраоперациялық навигациялық жүйені пайдалану арқылы жұлынның ісіктерін микрохирургиялық жолымен алып тастау;
  •         Эндоскопиялық ассистенцияны, интраоперациялық нейромониторингты және құрамдастырылған трансбазалды қол жетімділікті қолданумен қоса бас сүйектің негізіндегі әрең жететін ісіктерді микрохирургиялық жолмен алып тастау;
  •         Нейронавигациялық интраоперациялық жүйесін қолданумен қоса жұлынның ісігін эндоскопиялық трансназалды транссфеноидалды жолымен алып тастау;
  •         Алуан түрлі этиологияның гидроцефалия кезіндегі шунтириялық жүйеге имплантация жасау;

        Алуан түрлі этиологияның гидроцефалия кезіндегі эндоскопиялық вентрикулоцистерностомия.

Бөлімді жабдықтау

Бөлімнің өзінің ота жасау бөлмесі бар, хирургиялық емдеу кезінде біздер емдік және диагностикалық аппаратураны қолдана отыра, барлық қазіргі заманғы әдістерді қолданамыз:

  • Karl Stortz эндоскопиялық видео жүйесі;
  • « Саrl Zeiss» Vario S88 операциялық микроскопы
  • Бас сүйектің ішіндегі қысымның және мидың биомеханикалық қасиеттеріне мониторинг жүргізу жүйесі;
  • Ультрадыбыстық және лазерлік дезинтегратор;
  • Микрохирургиялық құралдар мен жабдықтар;
  • рамды стереотаксикалық жүйе;
  • эндоваскулярлық ота жасауға арналған катетерлер мен аспаптар;
  • ликвородренажды жүйелері;
  • Medtronic Stealth рамсыз нейронавигациялық станция;
  • Бас сүйегін бекітудің кермек және жартылай кермек (балаларжүйесі
  • Интраоперациялық нейрофизиологиялық станция,
  • Аутогемотрансфузия станциясы,
  • Бас миы және жұлынның, ішкі қан тамырлары операцияларының тамырларын зерттеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы ангиографиялық құрылғы
  • нейростимуляторлар.

Әрбір палатада пациенттің ыңғайлылығы үшін барлық жағдайлар жасалынған – бұл кіріктірме жиһаз, тоңазытқыш, теледидар, жеке санузел, душ бөлмесі. Палаталардың ішінде Меrivaara (Финляндия) фирмасының анатомиялық матрастары бар функционалды кереуеттері орнатылған.

Барлық палаталар медициналық газдарды беруге арналған консольдармен жабдықталған, жергілікті жарықтандыруы және медициналық персоналды шақыру түймесі бар. Біздің емделушілер күніне 4 рет емдік тамақтанады, мүмкіндігіне байланысты мәзір бойынша индивидуалды тамақтануға болады.

Бөлімде таяу және қиыр шет елдерінің клиникаларында қайта дайындау курстарын өткен жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Сіздің емделу процесіңізде сізбен бірге үнемі алдын ала дайындалған медбикелер мен медициналық персонал болады. Сонымен қатар, біздерде әлемнің жетекші нейрохирургтарын шақыруға тәжірибе және мүмкіндіктер бар.

Индивидуалды, жылы шырайлы күтім және әрдайым көмек көрсетуге дайындық – бұл біздің медициналық персоналдың визит карточкасы болып табылады. Біздің медициналық қызметкерлер пациент пен оған жүргізілетін емнің едәуір жағымды болуына барлық үлестерін қосуға тырысады.

Біздің бөлімге жату үшін Сізге нейрохирургия орталығының поликлиникасына нейрохирургтан консультация өту , біздерге 511-600, 511-633 байланыс нөмірлеріне немесе skaribay@mail.ru электронды поштаны қолдану арқылы хабарласу қажет.

Бөлім меңгерушісі - С.Д. Карибай – жоғары санатты нейрохирург дәрігері.