Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Нейрореабилитация бөлімі

Нейрореабилитация бөлімі нәтижесі ауыр қиындықтар туғызған бас сүйек, ми, шеткі жүйке жүйесі жарақаттары және нейрохирургиялық операциялар кейін туындаған қиындақтарды емдеп, ұалпына келтіру үшін нейрохирургиялық көмек береді. Қалпына келтіру шаралары Қазақстанның ересек қауымына арналған.

         Бұл біріншіден, күнделікті өмірді, жүріс тұрысты, отыру, тұру, қозғалыс кезектілігін біртіндеп және абайлап қалпына келтіруге бағытталған сапалы әрі дәл жұмыс. Медицина мен техниканың жаңа жетістіктері тек емделуші өз денесін меңгеруі ғана емес, сонымен қатар оны жаңадан қабылдай алуын қамтамасыз етеді.

         Қалпына келтіру ем шараларының кешенінің артықшылығы медикаментозды және медикаментозды емес терапияның қазіргі әдістерін тиімді пайдалануда  болып табылады (кинезитерапия, массаж, рефлексотерапия, инетерапия т.с.с.).

         Нейрохирургиялық сипаттағы емделушілерді қалпына келтіру бағдарламасы келесі бағыттармен жүзеге асырылады:

  •         Қозғалыс стереотиптерін  қалпына келтіру (бой түзеу, жүріс, майда моторика);
  •         Аяқ, қолдарда спазмалық сипаттағы ауырсыну сезімдерінің азаюы;
  •         Моторикалық жұмыс қабілетінің қалпына келуі;
  •         Координациялық жұмыс қабілетінің жақсаруы;
  •         Сенсорлық бұзылу сипатының азаюы;
  •         Ми мен жұлын қан айналымының және метаболизмінің жақсаруы;
  •         Вегетативті статус және  психо-эмоционалдық фонның түзетілуі;
  •         Мнестико-интелектуалдық функциялардың қалпына келтірілуі;
  •         Әлеуметтік  адаптация.

         Особенностью работы отделения нейрореабилитации, является индивидуальный подход к составлению и выполнению реабилитационной программы лечения каждого пациента, высокая квалификация и доброжелательное отношение персонала.

          Бөлімнің жабдықталуы

         Қалпына келтіру ем шаралары кешені құрамына: психологпен сенсорлық бөлмеде, АРТ- кабинетте,қысқы бақтасөйлеу мәнері бұзылған емделушілерге логопед сабақтары, емдік жаттығулар инструкторыменЛФК кабинеттерде топтық және жеке дара жаттығулар, механотерапия кіреді.

Сонымен қатар физиологиялық емдеу, гидрокинезотерапия (інжу, гидромассаж, 4   камералы  контрастты ағынды ванналар,  4  камералы  гальванованна, Шарко душы және циркулярлы душ, магнитотерапия, электростимуляция, лазеротерапия, батпақпен емдеу, массаж және т.б.).

         Бөлім мүмкіндіктері

         Бөлімде тәжіриблі невропотолог дәрігерлер - реабилитологтар, психологтар, логопедтеремдік жаттығулар дәрігерлері және арнайы оқытылған орта медициналық персонал жұмыс жасайды.   Бұнда емделушілерге операцияға дейінгі және  кейінгі психологиялық түзету  және психологиялық терапиялық көмек көрсетіледі. Нейрореабилитация бөлімінің мамандары  Ресей және өзге де шетел медициналық мекемелерінің мамандарымен тығыз байланысып жұмыс жасауда. Біздің емделушілерге барлық жағдайы жасалған екі орындық жайлы палаталар ұсынылады.           

         Бөлім меңгерушісі Нұрғалиев Қуат Болатович, жоғары санатты нейрохирург-дәрігер.