+7 (7172) 62-11-00,
+7 701 062 11 00(Kcell/Activ),
+7 747 511 60 00(Altel)

010000, Қазақстан Республикасы, Астана, Тұран даңғылы 34/1

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Операциялық бөлімшесі

Операциялық блог құрамында барлығы 6 операция жасау залы бар. Олардың барлығы ашық және кішіинвазиялық араласуларға арналған, алтыншысы - ми тамырларының патологияларын және орталық жүйке жүйесінің басқа да ауруларын диагностикалау мен емдеуге арналған кіші инвазиялық тамырішілік араласуларды орындау үшін Siemens фирмасының соңғы буынғы қуатты ангиографымен жабдықталған ангиографиялық операция жасау бөлмесі.
Оперблок қажетті барлық хирургиялық және диагностикалық құрал-жабдықтардың соңғы буындағы құрал-жабдықтарымен, заманауи көпфункциялы операция жасау үстелдерімен, аспалық анестезиологиялық және хирургиялық консольдармен жабдықталған. Барлық операция жасау бөлмелерінде операция жасау кезінде тамырдағы қан ағысын анықтау және әдеттегі жарық спектрінде көріне қоймайтын ісік аймақтарын айқындау мүмкіндігі бар  Zeiss және Leica өндірілген қазіргі заманғы нейрохирургиялық микроскоптар бар. Soering ультрадыбыстық деструкторлары,  Aescular күштік қондырғылар және құрал-саймандар жиынтығы,  Storz және Erbe коагуляциялық жүйелері, KLS Martin медициналық лазері, Radionix жиектемесіз навигациялық станциясы,  Storz және Aescular эндоскопиялық құрал-жабдығы, 3D үлгілеу мүмкіндігімен  Siemens С - доғасы хирургиялық араласуларды қажет ететін орталық және перифериялық нерв жүйесінің патологиялары, омыртқа патологиялары, неврологиялық аурулар кезінде нейрохирургиялық араласулардың барлық спектрін орындауға мүмкіндік береді.
Nicolet фирмасының ми және жұлын қызметін, сонымен қатар перифериялық нерв жүйесінің қызметін мониторлауға арналған станцияларын операция кезінде пайдалану орталық жүйке жүйесінің функциялық маңызды құрылымдарын қосымша жарақаттауды азайтады немесе толығымен болдырмайды, бұл хирургиялық ем нәтижелерін жақсартады және пациенттердің операциядан кейінгі кезеңдегі өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Ауаны жаңартудың арнайы жүйесі ауруханаішілік іріңді-сепсистік аурулардың алдын алудың негізгі элементі болып табылады. Ауаның ламинарлы ағынын бағыттау операция жасау залдарына  қабырғалас бөлмелерден ауа ағынының кіруіне кедергі болады. Мұндай операция жасау залдары бөлмелердің тазалығын бағалаудың қабылданған  шкаласы  бойынша тазалығы жоғарғы санаттағы бөлмелерге жатады. Операция жасау залдарын «стерильді» және «стерильді емес» аумақтарға қатаң бөлудің арқасында операция жасау залдарына зарарсыздандырылмаған заттардың кіргізілуі қауіпі толығымен жойылады. Әрбір операция жасау бөлмесі бөлмелерден толығымен оқшауланған және ауа өткізгіштері сүзгі және зарарсыздандырушыдан құрастырылған блоктан тұрады.
Операция жасау залдарының қазіргі заманғы медициналық құрал-жабдықтар кешенімен жабдықталуы кез-келген күрделі операциялардың жасалуын қамтамасыз етеді. Оперблокта заманауи соңғы буындағы құрал-жабдықтар мен аспаптардың барлық кешенін қолданумен оперблокта стерильділікті қамтамасыз етудің қазіргі заманғы мүмкіндіктерін үйлестіру пациенттің клиникада болу уақытын қысқартады, соның әсерінен науқастың операциядан кейінгі өмір сүру сапасын жақсартады. Операция бөлімшесінде жылына шамамен 2500 нейрохирургиялық операция жасалады. Біздің операциялық блоктың барлық қызметкерлері  нейрохирургиялық араласулардың барлық түрлерін қамтамсыз етуді мақсат тұтқан біртұтас командадан құралған. Операцияға қатысатын барлық адамдар - хирургтар, операциялық мейіргерлер, анестезиологтар және кіші персонал өз кәсібіне деген сүйіспеншілік және біздің пациенттерге қолдарынан келгенінше мүмкін болатын барлық көмекті көрсететін бір ғана мақсат біріктіретін біртұтас, күрделі ұйымдасқан механизм іспеттес.

Операциялық блок меңгерушісі – Урунбаев Ермек Ахметович, дәрігер-нейрохирург.