Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесі

Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінде 26 жатын орын бар. Біздің бөлімше ми және жұлын ауытқушылықтары бар емделушілерге жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері көрсетіледі және қояншық, Паркинсон ауруларын операциялар жасалады.

Сонымен қатар ауырсыну синдромдары, спазмалар кезінде, бассүйек – ми жүйке жүйесінің невралгиясы, эссенциальді тремор кезінде ем көрсетіледі. Аз инвазиялық хирургиялық операциялар жергілікті және үстіңгі наркоз беріле отырып жасалады және бөлімше дәрігерлері КТ және МРТ көмегімен алынған интраоперациялық диагностика нәтижелеріне орай өздерінің іс әрекеттерінің бағыттарын өзгерте алады.

Бөлімшенің орталық жүйке жүйесі тамырларының ми және жұлын тамырларының аневризмалары, артерия-веналық мальформациялар, ми тамырларының каротид-кавернозды ұштасуы, геморрагенді және ишемиялық инсульттар сынды ауру түрлерін емдеуде үлкен тәжірибе жинақтаған. Бөлімшеде жоғары санатты күрделілікке ие тамыр патологияларын: миға біткен ірі және аса ірі көлемді аневризмаларды, ірі әрі терең орналасқан тамыр мальформацияларын, мидың гиперваскулярлық ісіктерін операция арқылы емдеу методикалары енгізілген. Бөлімше мамандары жылына шамамен 600 жуық нейрохирургиялық операциялар жасайды.

Бөлімшенің жабдықталуы

Заман талабына сай жабдықталған операция залдары мен хирургтардың кәсіби деңгейінің жоғарылығы ми тамырларының кез - келген деңгейлі ісіктерін операциялар арқылы жемісті емдеуге мүмкіндік береді. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін операциялық микроскоп және навигациялық станциялар пайдаланылады, бұл алынып тасталуы тиіс ісікке қол жеткізу үшін хирургиялық жолдың дәл траекториясын есептеуге мүмкіндік береді.

Қан тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесі қызметкерлерімен ізденіс жұмыстарына 1 патент алынды, 1 монография басылып шығарылды, 2 әдістемелік нұсқаулық басылды. Бөлімше дәрігерлері арасында 3 ғылым кандидаты бар. Бөлімше дәрігерлері WFNS (Әлемдік нейрохирургиялық қауымдастықтар федерациясы), EANS (Еуропа нейрохирургтар ассоциациясы), ACNS (Азия нейрохирургтар конгрессі) мүше болып табылады.

Бөлімше мүмкіндіктері:

Емделушілердің ем қабылдауы аз инвазиялық қағидасына орай жүзеге асырылады, барынша аз жарақаттау арқылы, ми мен жұлын тіндері зақымдалмай жасалады. Осы мақсатта төмендегі әдістемелер қолданылады:

1. Ми қан тамырларының аневризмасы кезінде эндоваскулярлы ем жасалады (микроспиральдармен, стент немесе баллон қолдану арқылы ремоделдеу)

2. Қан тамырлары аномалияларын микрохирургиялық жолмен кесу (артериовенозды мальформация, артеривенозды фистул)

3. Қан тамырлары ауытқушылықтарының жапсырмалы компоненттермен эндоваскулярлы эмболизациясы (артерия-веналық мальформация, артерия-веналық фистула)

4. каротид-кавернозды ұштасуды эндоваскулярлы емдеу

5. Бас пен мойын тамырларын эндоваскулярлы стентирлеу

6. Жұлын нейростимуляциясы

7. Үштік жүйкесінің немесе үштік жүйке ұшының невралгиясы кезінде радиожиілілік термодекструкциясы

8. Қояншықтың фармакорезистетті түрлерін хирургиялық жолмен емдеу

9. Мидың терең қабаттарының стереотаксикалық нейростимуляциясы

Бөлімше меңгерушісі - Махамбетов Ербол Тарғынұлы.

Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты нейрохирург дәрігер.