Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Жалпы нейрохирургия бөлімшесі

Жалпы нейрохирургия бөлімшесінде ақылы негізде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған нейрохирургиялық қызметтердің кең ауқымды спектрі көрсетіледі. Ақылы негізде нейрохирургиялық және қалпына келтіру емін алудың ерекшелігі тез арада ауруханаға жатқызу, сондай-ақ емдеу кезіндегі жеке адамның бабын табу болып табылады. Жалпы нейрохирургия бөлімшесі жеке блокта орналасқан және ыңғайлы бір орынды, екі орынды палаталармен қамтылған.

Біз келесі ауруларды емдейміз:

  •  Бас миының ісіктерін
  •  Омыртқалар арасындағы дискілердің жарықтарын
  •  спондилолистезті
  •   омыртқаның функционалды тұрақсыздығын
  •  әртүрлі деңгейлердегі омыртқа каналдарының стенозын
  •  ми кистасын, гидроцефалиясын
  •   миы қантамырларының аневризмасын
  •  мидың магистралды артерияларының окклюзиясын (экстра және интракраниалды бөлімдерде)
  •  бас және мойын қантамырларының стенозын
  •  ми және жұлын қантамырларының артерия-веналық мальформациясын
  •   омыртқа жұлынмиының экстра және интрамедуллярлы ісіктерін
  •   ми нервтерінің невралгиясын, омыртқа фасетнүктелік нервтерін
  •   омыртқа, ми зақымдануы, ми қанайналымының аса ауыр ауыспалы бұзушылықтарының салдары
  •  перифериялық нерв жүйесінің ауруларын.

Бөлімшенің мүмкіндіктері

Жалпы нейрохирургия бөлімшесі емдеудің ең жаңа әдістерін қолдану арқылы орталық нерв жүйесі зақымданған және ауруы бар науқастарды хирургиялық емдеумен айналысады, атап өтсек:

  •  Клипиралық аневризма
  •  Ми қантармырларының аневризмасы кезінде эндоваскулярлық емдеу
  •  Қан тамырлары ауытқуын микрохирургиялық тілу (артерия-веналық мальформация, артерия-веналық фистула);
  •  Тамырлы паталогияны жапсырмалы компоненттер арқылы эндоваскулярлық эмболизациялау ( артерия-веналық мальформация, артерия-веналық фистула);
  •  Бас және мойын қантамырларын эндоваскулярлық стентирлеу;
  •  Транспедикулярлық құрылғыларды, дене арасындағы кейдждерді және басқа да импланттарды қолдана отырып, декомпрессивті-тұрақтандырушы операциялар;
  •  Омыртқа және жұлын паталогиясы кезіндегі перкутантты транспедикулярлық бекіту;
  •  Перкутантты вертебропластика, кифопластика;
  •  омыртқаның бел бөлігіндегі жарық дискілерін эндоскопиялық алып тастау;
  •   омыртқаның жарығын микрохирургиялық жолымен алу;
  •  Омыртқаның мойын және бел бөлігінің дегенеративті зақымдануы кезіндегі лазерлік вапоризация;
  •   омыртқаның динамикалық тұрақтандырылуы; (қылқан арасындағы импланттанттар);
  •  Интраоперациялық навигациялық жүйені пайдалану арқылы жұлын ісіктерін микрохирургиялық жолымен алып тастау;
  •  Эндоскопиялық ассистенцияны, интраоперациялық нейромониторингты және құрамдастырылған трансбазалды қол жетімділікті қолданумен қоса бассүйек негізіндегі жету жолы қиын ісіктерді микрохирургиялық жолмен алып тастау;
  •  Нейронавигациялық интраоперациялық жүйені қолданумен қоса жұлын ісігін эндоскопиялық трансназалды транссфеноидалды жолымен алып тастау;
  •  Алуан түрлі этиологияның гидроцефалия кезіндегі шунтирлеуші жүйеге имплантация жасау;
  •  Алуан түрлі этиологияның гидроцефалия кезіндегі эндоскопиялық вентрикулоцистерностомия.

Бөлімшені жабдықтау

Бөлімшенің өзінің ота жасау бөлмесі бар, хирургиялық емдеу кезінде емдік және диагностикалық аппаратураны қолдана отыра, барлық қазіргі заманғы әдістерді қолданамыз:

  • Karl Stortz эндоскопиялық видео жүйесі;
  • « Саrl Zeiss» Vario S88 операциялық микроскопы
  • Бассүйек ішіндегі қысымның және мидың биомеханикалық қасиеттеріне мониторинг жүргізу жүйесі;
  • Ультрадыбыстық және лазерлік дезинтегратор;
  • Микрохирургиялық құралдар мен жабдықтар;
  • рамалы стереотаксиялық жүйе;
  • эндоваскулярлық ота жасауға арналған катетерлер мен аспаптар;
  • ликвородренажды жүйелері;
  • Medtronic Stealth рамасыз нейронавигациялық станция;
  • Бассүйегін бекітудің кермек және жартылай кермек (балалар) жүйесі
  • Интраоперациялық нейрофизиологиялық станция,
  • Аутогемотрансфузия станциясы,
  • Ми және жұлынның, ішкі қантамырлары операциялары кезінде тамырларды зерттеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы ангиографиялық құрылғы
  • нейростимуляторлар.

Әрбір палатада пациенттің ыңғайлылығы үшін барлық жағдайлар жасалынған – бұл кіріктірме жиһаз, тоңазытқыш, теледидар, жеке санузел, душ бөлмесі. Палаталардың ішінде Меrivaara (Финляндия) фирмасының анатомиялық матрастары бар функционалды кереуеттері орнатылған.

Барлық палаталар медициналық газдарды беруге арналған консольдармен жабдықталған, жергілікті жарықтандыруы және медициналық персоналды шақыру түймесі бар. Біздің емделушілер күніне 4 рет емдік тамақтанады, мүмкіндігіне байланысты мәзір бойынша жеке тамақтануға болады.

Бөлімшеде таяу және шетел клиникаларында қайта дайындау курстарын өткен жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Сіздің емделу процесіңізде сізбен бірге үнемі алдын ала дайындалған мейіргерлер мен кіші медициналық персонал болады. Сонымен қатар біз әлемнің жетекші нейрохирургтарын шақыруға мүмкіндіктер бар.

Жеке жылы шырайлы күтім және әрдайым көмек көрсетуге дайындық – бұл біздің медициналық персоналдың визиттік карточкасы болып табылады. Біздің медициналық қызметкерлер пациент пен оған жүргізілетін емнің мүмкіндігінше жағымды болуына барлық үлестерін қосуға тырысады.

Біздің бөлімшеге жату үшін Сізге нейрохирургия орталығының емханасында нейрохирургтан консультация өту , біздің +7(7172) 62-11-00, 62-11-86, +7 701 062 11 00,  +7 747 511 60 00 байланыс нөмірлеріне немесе skaribay@mail.ru электронды поштаны қолдану арқылы хабарласу қажет.

Бөлімше меңгерушісі - С.Д. Кәрібай – жоғары санатты нейрохирург дәрігер.