+7 (7172) 62-11-00,
+7 701 062 11 00(Kcell/Activ),
+7 747 511 60 00(Altel)

010000, Қазақстан Республикасы, Астана, Тұран даңғылы 34/1

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Шетел азаматтарына

Біздің Орталыққа емделуге жату үшін Сізге  бізбен +7 (7172) 62-11-00, 62-11-86, +7 701 062 11 00, +7 747 511 60 00 телефондары арқылы байланысу  қажет. Қолда бар медициналық құжаттарды (МРТ, КТ суреттерін, талдау нәтижелерін) e-mail: neurocallcenter@nmh.kz, serik.karibai@nmh.kz, Nurgul.Kugenbayeva@nmh.kz  жіберіңіз.

Пациенттерге қолайлы болу үшін біз қосымша сервис түрлерін көрсетеміз:

  • Астана қаласындағы кез-келген деңгейдегі қонақүйді брондау;
  • пациенттің қолданыстағы тілді білмеу жағдайында көмек көрсетуді қамтамасыз ету (ағылшын тілін меңгерген менеджер);
  • медициналық менеджмент (құжаттамалар мен ауру тарихын ағылшын тіліне аудару және т.б.);
  • виза алуға көмек көрсету;
  • пациенттерді тасымалдау.

Орталық туралы ақпарат

Ұлттық нейрохирургия орталығы - Орталық Азиядағы нейрохирургия саласының заманауи емдік-диагностикалық, хирургиялық және қалпына келтіру қызметтерінің барлық кешенін ұсынатын жетекші клиника. Орталық көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын үнемі жетілдіріп отырады:

  • 2010 жылы - Ұлттық аккредитациядан сәтті өтті.
  • 2011 жыл – Стандарттау бойынша Халықаралық ұйымның (International Organization for Standardization) ISO 9001-2000 сапа сертификатын иеленді.
  • 2012 жыл - Медицина саласындағы «Сапа үшін еуропалық Гран-при» марапатын алды.
  • 2013 жыл - Халықаралық Біріккен комиссия (Joint Commission International) аккредитациясынан өтті. JCI аккредитациясы Медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін әлем обьективті мойындайтын «алтын стандарт» болып табылады. 2013 жыл – ұсынылатын медициналық қызметтер саласында қол жеткізген маңызды жетістіктері үшін ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иемденді.

Орталық заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған, диагностика және емдеу ең алдыңғы қатарлы, қауіпсіз медициналық технологияларды қолданумен жүргізіледі, медициналық қызметтерді шетелдік жетекші клиникаларда оқу-тәжірибеден өткен жоғары білікті мамандар көрсетеді. Дайындықтан өткен біздің мейіргерлер мен кіші медициналық персонал емдеу барысында Сіздің қасыңыздан әрдайым табылады. Жаныңызға жайлылықты толық сезіну үшін тұрмыстық техника, Финляндияда шығарылған анатомиялық матрастары бар ыңғайлы функциональдық кереуеттер, персоналды шақырту түймешігімен жабдықталған барлық қажетті жағдайлар қарастырылған бір және екі орындық палаталар бар, тәулігіне 4 рет тамақтандыру ұйымдастырылады. Бұдан өзге, біздің Орталық Орта және Орталық Азия нейрохирургтарының сұхбат алаңына айналды, мұнда көптеген ірі іс-шаралар: ҚР нейрохирургтарының  І, ІІ және III Съездері, Нейрохирургиялық қоғамдардың Бүкіләлемдік Федерациясының (WFNS) және  Нейрохирургиялық қоғамдардың Еуропалық Ассоциациясының (EANS) білім беру курстары, әлемнің жетекші мамандарының қатысуымен нейрохирургтардың Х Азиялық конгресі және Нейрохирургиялық мейіргерлердің ІІІ Азиялық конгресі өткізілді. Ұсынылатын медициналық қызметтердің сапалы екендігіне клиниканың шетелдік пациенттермен мойындалғаны дәлел бола алады және олардың қатары күн санап арта түсуде.  Жалпы нейрохирургия бөлімшесінде  Ресей, Тәжікстан, Украина, Грузия, Түркия, Австралия, Косово Республикасы, Нигерия, Сингапур, Египет, Франция, Германия, Ирландия, Италия, Канада, Ұлыбритания азаматтары  ем қабылдады. Әлемдік ғылыми медициналық орталықтармен белсенді халықаралық ынтымақтастық орнатылған. Орталығымыздың әрбір пациентіне зейінді, кәсіби қызмет және ыстық ықылас көрсету – бұл біздің Орталықтың басты ұстанымы. Біз өз тарапымыздан Сіздің Орталықта қабылдайтын еміңіздің шипалы, дертіңізге дауа болуы үшін барлық жағдайды қарастырамыз. Салыстырып қарау үшін, біз «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ  және шетелік нейрохирургиялық клиникалардағы көрсетілетін бірқатар қызмет бағаларының салыстырмалы талдау кестесін ұсынамыз.