+7 (7172) 62-11-00,
+7 701 062 11 00(Kcell/Activ),
+7 747 511 60 00(Altel)

010000, Қазақстан Республикасы, Астана, Тұран даңғылы 34/1

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Ақылы түрде

Біздің Орталыққа ақылы түрде емделуге жату үшін:

Орталықтың Жалпы нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирургына немесе невропатологына +7 (7172) 62-11-86, +7 (7172) 62-11-95 телефондары арқылы қабылдауға жазылу немесе құжаттар пакетін (МРТ суреттері, 027/е амбулаторлық картадан үзінді көшірме) мына электрондық мекен-жайға serik.karibai@nmh.kz, Nurgul.Kugenbayeva@nmh.kz  жолдау  қажет.

Жоспарлы емделуге жатуға  қажетті құжаттар тізбесі:
Емделуге жату үшін барлық науқастар келесі құжаттар мен зерттеу нәтижелерін ұсынуы қажет: 

  • Орталық нейрохирургінің консультациялық ұйғарымы. 
  • Жеке бас куәлігі – түпнұсқасы және көшірмесі (жеке бас куәлігі/паспорт/туу туралы куәлік), барлығы жеке бланктерде. 

Зерттеу қорытындылары:

  • Көкірек қуысының флюорографиясы немесе рентгенографиясы (емделуге жатуға дейінгі 6 айдан аспаған).
  • КТ және/немесе МРТ зерттеулері (емделуге жатуға дейінгі 6 айдан аспаған).

Орталық туралы ақпарат

Ұлттық нейрохирургия орталығы – Қазақстандағы және Орта Азиядағы нейрохирургия саласының заманауи емдік-диагностикалық, хирургиялық және қалпына келтіру қызметтерінің барлық кешенін ұсынатын жетекші клиника. Орталық көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын үнемі жетілдіріп отырады:

2010 жылы - Ұлттық аккредитациядан сәтті өтті.

2011 жыл – Стандарттау бойынша Халықаралық ұйымның (International Organization for Standardization) ISO 9001-2000 сапа сертификатын иеленді.

2012 жыл - Медицина саласындағы «Сапа үшін еуропалық Гран-при» марапатын алды.

2013 жылғы наурызда   Халықаралық Біріккен комиссия (Joint Commission International) аккредитациясынан өтті және сертификатын алды. JCI аккредитациясы Медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін әлем обьективті түрде мойындайтын «алтын стандарт» болып табылады.

2016 жылғы сәуірде - Joint Commission International (JCI, Халықаралық біріккен комиссиясы) үш жылдық ре-аккредитациясынан өтті. 

Бұдан өзге, біздің Орталық Орта және Орталық Азия нейрохирургтарының сұхбат алаңына айналды, мұнда көптеген ірі іс-шаралар: ҚР нейрохирургтарының  І, ІІ және III Съездері, Нейрохирургиялық қоғамдардың Бүкіләлемдік Федерациясының (WFNS) және Нейрохирургиялық қоғамдардың Еуропалық Ассоциациясының (EANS) білім беру курстары, әлемнің жетекші мамандарының қатысуымен нейрохирургтардың Х Азиялық конгресі және Нейрохирургиялық мейіргерлердің ІІІ Азиялық конгресі өткізілді.

Ұсынылатын медициналық қызметтердің сапалы екендігіне клиниканың шетелдік пациенттермен мойындалғаны дәлел бола алады. Орталықта таяу және алыс шетелдерден келген пациенттер ем қабылдайды. Әлемдік ғылыми медициналық орталықтармен белсенді халықаралық ынтымақтастық орнатылған.

Орталық заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған, орталық жүйке жүйесі ауруларын диагностикалау және емдеу ең алдыңғы қатарлы, қауіпсіз медициналық технологиялардың қолданылуымен жүргізіледі. Медициналық қызметтерді шетелдік жетекші клиникаларда оқу-тәжірибеден өткен жоғары білікті мамандар көрсетеді.

Дайындықтан өткен біздің мейіргерлер мен кіші медициналық персонал емдеу барысында Сіздің қасыңыздан әрдайым табылады. Жаныңызға жайлылықты толық сезіну үшін тұрмыстық техника, Финляндияда шығарылған анатомиялық матрастары бар ыңғайлы функциональдық кереуеттер, персоналды шақырту түймешігімен жабдықталған барлық қажетті жағдайлар қарастырылған бір және екі орындық палаталар бар, тәулігіне 4 рет тамақтандыру ұйымдастырылады. Орталығымыздың әрбір пациентіне зейінді, кәсіби қызмет және ыстық ықылас көрсету – бұл біздің Орталықтың басты ұстанымы. Біз өз тарапымыздан Сіздің Орталықта қабылдайтын еміңіздің шипалы, дертіңізге дауа болуы үшін барлық жағдайды қарастырамыз.