Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Суастылық гидромассаж

Суастылық гидромассажда адам денесін  жоғарғы қысымдағы су ағынымен массаж жасайтын сумен емдеу емшарасы жасалады. Бұл емшарада температуралық әсер ету, гидромассаж және су ағынымен терінің қосымша механикалық тітіркенуі жүргізілетін бұлаудағы судың гидростатикалық әсері үйлеседі. Қан және лимфаайналымының жақсаруы, тиісінше солардағы тіндердің қоректенуі де зат алмасуды  ынталандырады және созылмалы асқыну ошақтарының айтарлықтай жылдам қайтуына әсер етеді. Гидромассаж кезінде жылу факторын қолдану жұмсақ тіндердің, әсіресе жылдам босаңсыйтын бұлшықеттердің қозғыштығын төмендетуге ықпал етеді.

Гидромассаж курсын өткізу көрсетімдерінің бірі болып шығу тегі әртүрлі ісіктер, тірек-қимыл аппаратының жіті және созылмалы аурулары, жұмыстағы бұзылыстар, нерв жүйесінің перифериялық бөлігінің аурулары саналады.

Бұлшықеттердің жыртылуы және созылуын, сүйектердің сынуын, буындардың қабынуын су арқылы емдеуге болады, су дәстүрлі мануальды массажбен салыстырғанда жағымсыз әсерлер мен ауырсындыруларды болдырмайды. Гидромассаж аяқ-қолға хирургиялық араласулардан кейінгі оңалту ретінде ұсынылады. Омыртқадағы созылмалы ауруларды, ревматизм, артриттер, артроздарды гидромассаж терапиясымен емдеуге болады.