Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Шарко душы

Шарко душын Францияда невропатологтар он тоғызыншы ғасырда ойлап тапты. Оның негізін қысым әсерінен көлденең бағытталған су ағыны құрайды. Душ нерв жүйесінің функциялық ауруларында, остеохондрозды және тірек-қимыл аппаратының көптеген ауруларын емдеуде ұсынылады. Шарко душы омыртқа аумағындағы проблемалармен, тірек-қимыл аппаратының жарақаты зардаптарымен, түрлі сипаттағы ауырсынулармен күресудің тиімді әдісі ретінде қолданылады. 

Шарко душы – бұл әсер ету аумағының төмендетілген, «соққы» түріндегі душ. Душта екі су ағыны - ыстық (қырық градусқа дейін) және суық (жиырма градусқа дейін) болады. Мұндай контраст керемет терапиялық әсер береді. Бұл емшара шамамен осылай жүзеге асырылады: Сіз басқару пультінен 3-3,5 м қашықтықта тұрасыз, басында сізге суды жан-жақтан желпуіш ағынындай шашады, сонан соң 4 атмосфераға дейінгі қысымдағы жинақы су ағынымен аяқ-қолыңызға, арқаңызға, кеуденің бүйір жақтарына әсер етеді, осындай жолмен әртүрлі «проблемалы» аумақтарды - сан, бөксе, арқа, ішке массаж жасайды. Бұл емшара барысында тері қызарады, бұл судағы қысым мен температура әсерінен орын алады. Бір емшараның ұзақтығы 1-5 минут. Толық емдеу курсы 15-20 емшарадан тұрады.

Душ қабылдау кезінде  терінің механикалық және температуралық тітіркенуі орын алады, бұл соңында қанайналым және лимфаайналымы жүйесіне ықпал етеді, қанның оттегімен байытылуы және тіндердің қосымша азықтандырылуы, заталмасуды күшейту, қабыну ошақтарының жылдам қайтуына әкеледі.