+7 (7172) 62-11-00,
+7 701 062 11 00(Kcell/Activ),
+7 747 511 60 00(Altel)

010000, Қазақстан Республикасы, Астана, Тұран даңғылы 34/1

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Су-балшықпен емдеу

Біздің Орталықта гидротерапия ванна, жергілікті және жалпы душтарда, балшықтармен жүргізіледі. Ванналардың әсер ету механизмі физикалық әсер етуден (температуралық, гидростатикалық, механикалық, массаж), белсенді факторлардың биохимиялық әсерінен (минералдар, эфир майлары және т.б.) және жалпы (стресске қарсы, тыныштандыратын) әсерден тұрады. Судың әсерінен қанайналымы жақсарады, қабыну және тіндердің ісінуі азаяды. Клиникадағы сумен емдеу шаралары емдеу-сауықтыру кешеніне енеді және ағзаның сауықтыру курстарында және өздігінен бейімделуін жоғарылату құралы ретінде тағайындалады.