Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Ультрадыбыстық терапия

Бұл ультадыбыс деп аталатын ультажоғарғы механикалық тербелістерді профилактикалық мақсатта қолдану. Ультадыбыстық терапияны адам ағзасында жүргізген кезде үш фактор әрекет етеді: механикалық, жылу және физика-химиялық. Ультадыбыс әсері ауруды басатын, спазмаға қарсы, тамырды кеңейтетін, сіңіруші, қабынуға қарсы, аллергиялық сезімталдықты  азайтуға қабілетті. Оны қолдану барысында қолданылған аймақта қан және лимфаайналымы жанданады, фагоцитоз жоғарылайды, ағзаның жалпы және иммунологиялық әрекет қабілеттілігін белсендіреді, қалпына келу үдерістерін тездетеді. Ультрадыбыс қалыңдап қатайған және  беріштенген тіндегі полимерді бұзу және ыдырау әсерін көрсетеді, сонысымен  тыртықтарды, келоидтерді, бұлшықет, буындық сіресімдерді емдеуде қолданылады. Ультрадыбыс эпителий және тамырлық өткізгіштікті арттырады, сондықтан дәрілік заттармен бірге ультрафонофорезді үйлесімді қолдануға негіз болды.

Ультадыбыстың әсер етуінен ағзада күрделі тіндер мен эндокриндік өзгерістердің қалыптасуы ОЖЖ жоғарғы бөліктерімен үйлестіріледі және реттеледі. Нерв жүйесі ультадыбысқа айтарлықтай сезімтал келеді. Қарқындылығы төмен әсер нейрондардағы қышқылдық қалпына келтіру үдерістерінің тірілуіне себепкер болады, АТФ синтезін жоғарылатады, гликогенді жоюды және нерв жасушаларының оттегіні сіңіруін жақсартады, рецепторлардың сезімталдығын азайтады, ганглий бөгегіш әрекетін көрсетеді. Ультрадыбыс зақымданған  перифериялық нервтің қалпына келуін жылдамдатады, негізгі нерв үдерістерінің динамикасын және нерв жүйесінің қоздырғыштарға жауап қайтару  қабілеттілігін жандандыруға және қалпына келтіруге әсер етеді. Оның әсерінен көмкерме-торлы кешенінің  құрылымы, нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің сегментүсті құрылымы белсенді болады. Ультардыбыспен әсер ету дененің белгілі бір бөлігіне ғана жүргізіледі, болмаса тиісті рефлексогендік аумақтарға - омыртқа жанында болмаса зақымданған аумаққа (буын маңайында, нерв бағаны бағытымен, ауырсындыру нүктелеріне және т.б.) немесе ағзаның тері проекциясына.

Негізгі  көрсетімдер болып табылады:

Омыртқа остеохондрозының неврологиялық көрінісі (түбіршектік және рефлекстік-тонустық синдромдар, миелопатиялар және т.б.), перифериялық нерв жүйесінің жарақаты мен ауруларының зардаптары, нейропатиялар, невралгиялар, ганглиониттер, омыртқа және жұлын жарақаты, шашыраңқы склероз, буын, бұлшықет, сіңір және  қалта - байлам аппаратының аурулары мен жарақаттарының салдары, бронхтар мен өкпенің созылмалы спецификалық емес қабынбалы ауруларында (созылмалы бронхит, созылмалы пневмония, бронхтық астма), операциядан және инъекциядан кейінгі шоғырлану, келоид тыртықтары, аяқ-қол тамырларының тарылуы ауруларының бастапқы сатылары, синдром Рейно және т.б.