Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Жарықпен емдеу

Бұл тіндердегі қалпына келтіру процестерін оңтайландыратын физиотерапиялық әдіс. Жарықпен емдеу әсерімен жасушалық мембрананың энергетикалық жандануы күшейеді, тіннің оттегіні сіңіруі және жасушалардағы  АТФ пайда болуы ұлғаяды. Осылайша жарықпен емдеу емдік әсер етудің кең спектріне ие, емдеудің өзге әдістерімен үйлеседі, іс жүзінде қарсы көрсетімдері жоқ.

Кешенді терапияда жарықпен емдеу:

1. Жалпы көңіл-күйді жақсарту

2. Қанның микроайналымын жақсарту

3. Дененің кез-келген бөлігіне тән емес сипаттағы ауырсынуды тоқтату

4. Бел ауруын тоқтату

5. Артритті емдеу (остеоартрит, құздамалық артрит)

6. Білезік каналының синдромын емдеу

7. Жұмсақ тіндердегі жарақаттардың жазылуы (байламдардың созылуы, бұлшықет немесе сіңірлердің созылуы, қанталау, тендиниттер, тендовагиниттер, бурситтер, байламдардың жарақаттық сипаттағы созылмалы созылулары)

8.  Жасы үлкен кісілердегі ауырсынуларды жеңілдету (артриттер, жұмсақ тіндер жарақаттануы, ұзақ аурудан және емделуге жатқызылудан кейінгі оңалту, жараның тез жазылуына әсер ету, қан микроайналымын жақсарту, көңіл-күйді жақсарту және босаңсу) үшін тағайындалады.

Тірек-қимыл аппаратының аурулары мен жарақаттарын емдеуге арналған әдістің жоғарғы тиімділігі оны травматология мен ортопедияда кең қолдануға мүмкіндік берді. Жарықпен емдеуді бұлшықетті, буындарды және байлам аппаратын кешенді емдеуде қолдану жіті қабыну құбылыстарын, аурушаңдықты, ісінуді, тіндердің қоректенуін және аяқ-қол жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді, жарақаттар мен қанталаудың айтарлықтай тез жазылуына және қайтуына әсер етеді.