Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Лазерлік терапия

Біздің Орталықта тірек – қимыл аппаратының ауруларын және үшкіл нерв қабынуын емдеуде қолданылатын лазерлік терапия тиімділігі ең жоғарғы әдістердің бірі саналады. Лазерлік сәулелеудің терапиялық әсер етуі шартты түрде әсер етудің үш әсеріне бөлінуі мүмкін:

1. Бастапқы әсер. Бұл жарық фотондары, жасушаішілік компоненттер және жергілікті қызудан бөлінетін энергияны сіңіру.

2. Екінші әсер. Бұл жасушаішілік деподан кальций иондарын босату, кальций иондарының жоғарғы шоғырланған толқынының таралуы.

3. Соңғыәсер. Тіндерде, мүшелерде туындайтын бейімделуші және компенсациялық реакция кешені дамиды. Жасушалар зат алмасуының жандануы және олардың функциялық белсенділігі артады. Сонымен қатар қалпына келтіру процестері ынталандырылады, қанның микроайналысы күшейтіледі, тіндердің оттегімен қанықтырылуы артады, иммунитет күшейеді. Оттегі алмасуының күшейтілуі оттегі жеткіліксіздігін төмендетеді, тін жасушаларындағы қабыну процестерін азайтады.

Тірек – қимыл аппаратының аурулары кезінде лазерлік терапияны кешенді қолдану омыртқаның, омыртқааралық дисктердің және буындардың жалғаушы аппаратын коллагеннің жинақталуы, капиллярлардың тез өсуі, зақымдалған сегмент аумағындағы қабынудың жойылуы есебінен қалпына келуіне ықпал етеді.

Остеохондрозды және омыртқаның басқа да ауруларын емдеу кезінде лазерлік терапия қанайналымын жандандырушы ретінде тиімді. Остеохондроз кезінде омыртқааралық дисктердегі дегенеративтік процестер көбіне осы аумақтағы қанайналымының бұзылуына байланысты, ал лазерлік сәулелеу зақымдалған аумақтардағы қанайналымын нәрлендіруді қамтамасыз етуге ықпал етеді, осындай жолмен аурудың одан арғы дамуын тежейді.

Лазерлік терапия әсері тіндердегі ісінулерді, ауырсынуларды жою, иммундық жүйеге әсер етуге ықпал етуші қабынуға қарсы іс-әрекеттерден, аллергияға қарсы әсер, репаративтік іс-әрекеттерден (жазылу процестерін жақсарту) тұрады. Лазерлік терапия сонымен қатар омыртқа мен буындардың дегенеративтік - дистрофиялық аурулары кезінде алмасу процестерін ынталандырады.

Лазерлік терапия:

  • омыртқаның дегенеративтік аурулары (омыртқаралық жарықтар, диск протрузиялары, остеохондроз, радикулиттер);
  • буын мен сүйек тінінің аурулары (иық сүйегі эпикондилиті, бурситтер, артриттер және артроздар, буындық сіресімдер);
  • байлам және буын аурулары мен жарақаттары;
  • бұлшықет аурулары (миозиттер);
  • сіңір аурулары (тендиниттер);
  • хирургиялық аурулар: операциядан кейінгі және ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар, трофикалық ойықжара, келлоидты тыртық (жеделдеу сатысындағы), жарақаттар (механикалық, термиялық, химиялық), остеомиелиттер,  аяқтағы тамыр аурулары;
  • нерв жүйесі аурулары: перифериялық нервтердің невралгиясы және невриттер, үшкіл нерв невралгиясы, бет нервісінің невриті, ми-тамырлық жетіспеушілік, ұшықты симпатоганглиониттер, перифериялық нервтердің жарақаттық зақымдануы, симпатикалық адреналдық криздермен ВТД, бас сақинасы, БЦС, шашыраңқы склероз, жарақаттанудан кейінгі сипаттағы аурулар сирингомиелиясы;
  • тірек-қимыл аппаратының аурулары - өзгеріске ұшыраған остеоартроз, артрит, құздамалық артрит, периартрит, өкше сүйек сүйелі, эпикондилит кезінде ұсынылады.

Қарқындылығы төменгі лазерлік терапия басымдықтары:

  • терапиялық әсер етудің кең диапазоны;
  • фармокологиялық препараттардың әсер етуіне тән  жанама әсерлердің, аллергиялық реакциялардың іс жүзінде болмауы;
  • лазерлік терапия жүргізуге қарсы көрсетімдердің аз болуы;
  • лазерлік терапияны әдеттегі емдеу әдістерімен (жергілікті және жалпы әсер етуші) кешенді қолдану мүмкіндігі;
  • жанасусыз, қолданудың зарарсыздығы.