+7 (7172) 62-11-00,
+7 701 062 11 00(Kcell/Activ),
+7 747 511 60 00(Altel)

010000, Қазақстан Республикасы, Астана, Тұран даңғылы 34/1

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Физиотерапия

Физиоемдеу әртүрлі формадағы тоқтармен, ультакүлгін  және лазерлік сәулемен, УЖЖ өрісімен, магнит өрісімен және т.б. түрлі физиотерапиялық әсер етуден тұрады. Физиотерапиялық әсер етуді қолдану ауруды емдеу уақытын қысқартады, бір мезетте оңалту шараларын жүргізеді, дәрі-дәрмектік препараттардың төменгі дозалары қолдануды, сол  арқылы олардың жанама әсерін жояды және ағзаны шынықтырады, асқыну дамуының алдын алу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді. 

Интегралдық медицинаның басқа әдістері сияқты физиотерапия да ағзаға барынша аз мөлшерде салмақ түсіре отырып, жоғарғы тиімділікті  жанама әсердің болмауы және қауіпсіздікпен үйлестіреді.

Физиотерапия орталық және вегативтік нерв жүйесінің, қанайналымының, лимфаайналымының функциялық жағдайын, репаративтік процестерді және нерв-бұлшықет өткізгіштігін жақсартады. Физиотерапияны әртүрлі патологиялық жағдайларда пациенттерді кешенді оңалтуда қолдану оңалтудың тиімділігін арттырады, жоғалған функцияларды қалпына келтіреді. Физиотерапиялық әсер ету қолдануда жеңіл, жанама әсерлері аз болады.