Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Компьютерлік томография (КТ)

Біздің Орталықта компьютерлік томография Siemens фирмасының  SOMATOM EMOTION 6 мультиспиральды компьютерлік томографында жасалады, аталған томограф пациентке ең төменгі сәулелік жүктемемен жоғары сапалы түсірілімдерді қамтамасыз етеді.

КТ зерттеулерін жүргізуге көрсетімдер болып келесі: 

  • Омыртқа бағанасының
  • Жұлынның
  • Көкірек қуысының, өт ішек жолдары ағзаларының
  • Кіші жамбас ағзаларының
  • Өкпенің
  • Ми қанайналымының жіті бұзылысы, церебралды инфаркт ошағының сипаты мен мөлшерін анықтау үшін (геморрагиялық немесе ишемиялық)
  • Орта және ауыр дәрежелі бассүйек-ми жарақаттары
  • Ми ісіктері (бастапқы және метастаздық), сонымен бірге операциядан және сәулелі емдеуден кейінгі қайталауын болдырмау үшін және басқа да ағзалардың ісіктері
  • Жіті қабынбалы аурулар (абсцесс, энцефалит) және т.б. аурулар табылады.

 Біздің Орталықта КТ-та келесі зерттеулер жүргізіледі:

  •  Бассүйек және мидың КТ
  •  Мұрынның қосалқы қуысының КТ
  •  Көкірек қуысы ағзаларының КТ
  •  Құрсақ қуысы мүшелерінің КТ
  •  Ұйқыбезінің КТ
  •  Бүйректің КТ
  •  Бүйрек үсті безінің КТ
  •  Кіші жамбас ағзаларының КТ
  •  Омыртқа аралық дисктердің КТ
  •  Сүйектер мен буындардың КТ
  •  Қан тамырларды зерттеу  - КТ ангиография.

 КТ жүргізуге қарсы көрсетімдер болып табылады:

  •  Жүктілік;
  • Егер венаішілік контрасттілеу жүргізу қажеттілігі болса, құрамында  йоды бар контрастты препараттарды көтереалмаушылық; 

Зерттеу жүргізілу кезінде кедергі келтіретін және интерпретациялық қорытындылар алуға проблема туғызатын темірден жасалған бағалы заттар, металдан жасалған бұйымдар, көзілдірік және түйреуіштерді шешу қажет. Пациент жылжымалы компьютерлік томограф үстелінде, көбінде шалқасынан жатуы керек.  Жоспарланған зерттеу бағдарламасына байланысты, жүргізілетін процедура пациенттің қырымен, ішімен жатуын қажет етеді. КТ процедурасы мүлдем ауырсыну сезімінсіз жүргізіледі. КТ кабинеті сағат  9.00-16.00-ге дейін, дүйсенбі-жұма күндері аралығында жұмыс істейді. КТ жүргізуге жазылу келесі телефондар арқылы жүргізіледі: +7 (7172) 62-11-00, +7 701 062 11 00, +7 747 511 60 00. Зерттеулерді жетекші шетелдік клиникаларда оқудан өткен, үлкен тәжірибелі жоғары білікті нейрорадиологтар жүргізеді.  Зерттеу қорытындылары хаттама түрінде және CD-дискте зерттеу жасалғаннан кейін 24 сағаттан соң беріледі. 

Дәрігерлер: Ргебаев Ринат Бакытбекович – Радиология бөлімшесінің сәулелі диагностика дәрігері.