Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Биоэтика бойынша комиссия

«Ұлттық нейрохиругия орталығы» АҚ биоэтика бойынша комиссиясы Қоғамның этикалық сараптамасының гуманизм, адамға құрмет, тұлғаның автономдылығын мойындау, өзінің барлық мүшелерінің тең құқылылығы қағидалары негізінде құралған, үнемі жұмыс жасап отырған кеңес органы болып табылады.
Комиссияның құрылу мақсаты ғылыми зерттеу жұмыстары аясында және клиникалық тәжірибеде кездесетін моральдық-этикалық мәселелердің алдын алу және болдырмау, сонымен қатар диагоностикалық манипуляция, емдеу процесі, ғылыми зерттеулер кезінде емделушілердің, дәрігерлердің, орта және кіші персонал құқықтарының сақталуын бақылау үшін адамдардың тәжірибеде зерттелуші ретінде қатысуымен, жануарларға тәжірибе жасау арқылы биомедициналық жобаларды этикалық-құқықтық сараптамадан өткізу.
Өз жұмысында комиссия Қазақстан Республикасы Конституциясын; денсаулық сақтау аясындаға нормативтік құқықтық актілерін; Қазақстан Республикасы 2009 ж. 18 қыркүйегіндегі № 193-IV «Денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы» туралы Кодексін; Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің «Медициналық биологиялық тәжірибелер, клиникалық және клиникаға дейін (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу Ережесін бекіту туралы» 2009 ж. 12 қарашадағы №697 бұйрығын; Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігіне қарасты метрология және техникалық реттеу Комитетінің төрағасы бекіткен «Рұқсат етілген лабораториялық тәжірибелер», «Рұқсат етілген клиникалық тәжірибе» 2006 ж. 29 желтоқсанындағы №575 бұйрығын; Дүниежүзілік медициналық Ассоциациясының «Адамдардың қатысуымен биомедициналық зерттеулер жүргізетін дәрігерлерге нұсқаулық» Хельсинки декларациясын; ICN Harmonized Tripartite Guidelinefor Good Clinical Practice (ICN GCP) клиникалық зерттеулер жүргізу туралы Халықаралық стандарттарын; Биомедицина және адам құқықтары туралы Конвециясын; Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы этика жөніндегі комитетінің биомедициналық зерттеулер жүргізетіндерге арналған нұсқаулықтарын; тәжірибелік және басқа да ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын омыртқалы жануарлар құқықтары туралы Еуропа Конвенциясын; өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; Қоғамға байланысты бұйрықтар мен міндеттемелерді және комиссияның этика сұрақтары бойынша берілген Ережесін басшылыққа алады (бұдан әрі- Ереже).
Комиссияның негізгі міндеттері:
Клиникаға дейінгі зерттеулер, медициналық биологиялық зерттеулер және клиникалық зерттеулердің материалдарын жаңа технологиялар, дәрілік заттар, тамақ қоспалары, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы заттар, емдеудің жаңа түрлері мен емделушілердің этикалық қағидаларға және ұлттық заң шығару нормаларына сай келуін зерттеу арқылы сапалы этикалық және құқықтық сараптамадан өткізу;
Клиникаға дейінгі сынақтардың (зерттеулердің), медициналық биологиялық зерттеулердің, жоспарлы тиімділігі мен зерттеліп жатқан технологиялар және дәрілік заттардың ғылыми негізділігін бағалау;
Зерттеу жүргізуге рұқсат алғаннан кейін зерттеу барысын және комиссия шешімінің орындалуын үздіксіз бақылау;
Медициналық персонал мен емделуші және оның отбасы мүшелері арасындағы қатынасты реттейтін этикалық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
Этикалық құқықтық шиеленістердің алдын алу және кесу мақсатында зерттеуге қатысатын медициналық персонал, емделуші және оның отбасы мүшелеріне этикалық құқықтық кеңес беру);
Биомедициналық зерттеулер мен тәжірибелік денсаулық сақтау саласындағы құқықтық және этикалық қатынасты реттеудің отандық және халықаралық тәжірибесін зерттеу;
Комиссия мүшелері мен қоғамдастық зерттеушілерінің этика және этикалық сараптама сұрақтары бойынша даярлығын қамтамасыз ету.