+7 (7172) 62-11-00,
+7 701 062 11 00(Kcell/Activ),
+7 747 511 60 00(Altel)

010000, Қазақстан Республикасы, Астана, Тұран даңғылы 34/1

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Ғылым

2009 - 2011 жылдар аралығында Орталықта С.К. Ақшолақовтың жетекшілігімен «Ми қан тамырлары аурулары барысындағы алдын алу, диагностика, емдеу және қалпына келтірудің қазіргі технологияларын зерттеу әзірлемесі» тақырыбы аясында ғылыми зерттеу жұмысы жүргізіліп, сәтті аяқталды.

2012 жылдан бастап 055 «Ғылыми және/немесе ғылыми техникалық жұмыс» бюджеттік бағдарламасы аясындағы 101 «Ғылыми зерттеулерді грантты түрде қаржыландыру» бөлімі бойынша «Омыртқаның дегенеративті-дистрофикалық ауруларын зақымдану түріне қарай хирургиялық емдеу стандарттарының әзірлемесі» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысы жүргізілуде.

«Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімі жұмыс жасайды. Ғылыми зерттеулер менеджмент бөлімі жұмысының мақсаты Қоғамдастықтың ғылыми жұмысының координациясы, жаңа жобалар мен бағыттар іздеу, жаңа және ағымдағы ғылыми жұмыстарғы ақпараттық –кеңестік қолдау көрсету, қазіргі әлемдік медициналық ғылым тәжірибесін зерттеу, ғылыми зерттеулер нәтижесін тәжірибеге енгізу.

Ғылыми зерттеулер менеджмент бөлімінің негізгі міндеттері:

1) ғылыми зерттеу кеңістігіндегі Қоғамдастықтың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

2) Қоғамдастықтың құрылымдық бөлімдері болып табылатын «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі, «Назарбаев Университет» АҚ ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлауы мен координациясына ақпараттық-кеңестік ықпал ету

3) Қоғамдастықтың инновациялық жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында бәсекеге қабілетті өнім мен жаңа техника үлгілерін ұсынатын қазіргі жоғары және ғылыми мазмұнды технологиялар негізінде әдістемелермен қамтамасыз ету.

4) Үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен, денсаулық сақтау аясында ғылыми зерттеулер мәселесі бойынша қалықаралық қатынас орнату;

5) ғылыми зерттеу жұмыстарына бюджеттен тыс қаржыландыру көздерін табу, жаңа ғылыми зерттеу гранттарын алу мақсатында ақпараттық-әдістемелік көмек беру, олардың ұйымдастырушыларымен қарым қатынас орнату, құрылымдық бөлімдер мен жекелеген қызметкерлердің Қоғамдастық аясындағы жобалау жұмыстарын координациялау.

6) Қоғамдастықтың құрылымдық бөлімдері мен жұмыскерлерінің ғылыми техникалық жұмыстарының нәтижесінде пайда болған Қоғамдастықтың интелектуалдық меншігі болып табылатын объектілердің құқықтық қорғалуы және коммерциялық жолмен таратылуын қамтамасыз ету.