Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Нейрохирургия және неврология кафедрасы

НЕЙРОХИРУРГИЯ ЖӘНЕ НЕВРОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

    Кафедра оқыту, ғылыми, әдістемелік және тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асыратын «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ өзіндік құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Қазақстан Республикасында нейрохирургия кафедрасының тарихы Алматы мемлекеттік медицина институтында (АММИ) госпитальды хирургия кафедрасының жанында жоғары білікті нейрохирург және талантты ұстаз доцент, м.ғ.к. Азаров Евгения Андреевна басқарған нейрохиругияның доценттік курсы алғаш болып ұйымдастырылған кезде 1959 жылы басталды. 1962 жылдың қыркүйек айында меңгерушісі Е.А. Азарова болып біратты кафедраға қайта құрылды.

    Кафедра 1964 жылы құрылған Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының (АМДЖИ) құрамына кірді және республиканың нейрохирургия кадрларын дайындаудың негізгі және жалғыз базасы, емдеу-әдістемелік және кеңес беру орталығы болды.

   1978 жылдан 1989 жылға дейін кафедраны доцент, м.ғ.к. Анель Абду-Беремжанова, ал 1989 жылдан 1995 жылға дейін доцент, м.ғ.к. Вадим Евгеньевич Эйгинсон меңгерді. 1996 жылдан 2008 жылға дейін кафедраны профессор, м.ғ.д. Ақшолақов Серік Қуандықұлы басқарды.

   Әртүрлі кезеңдерде кафердара М.К. Көжеков, В.П. Бондаренко, м.ғ.к. Ю.И. Аношин, м.ғ.к. Ж.М. Ермеков, м.ғ.к. Б.М. Кәрібаев, К.Ш. Шураева, С.С. Патова, м.ғ.д. Т.Т. Керімбаев, м.ғ.к. Е.Т. Махамбетов жұмыс жасады.

   Кафедра қызметкерлерінің көмегімен республиканың облыс орталықтарында нейрохирургиялық бөлімшелер ашылды. Кеңес уақыты жылдарында кафедрада алғашқы бағытты кеңестік республикалардың барлық нейрохирургтары өтті. Кафедраның бастамашылығымен 5 докторлық және 15 кандидаттық диссертациялар қорғалды, оның ішінде:

       - созылмалы субдуралды гематомалардың клиникалық-морфологиялық ерекшеліктеріне арналған А.М. Садықовтың кандидаттық диссертациясы;

       - бас миының эхинококкозы жөніндегі Е.Т. Махамбетовтың кандидаттық диссертациясы;

       - кішіинвазивтік хирургия әдісін қолдану арқылы омыртқа денесінің жарақаты және патологиясымен ауыратын науқастарды емдеудің сапасын жақсартуға арналған Т.Т. Керімбаевтың докторлық диссертациясы.

    Барлық осы жетістіктерге, ең бірінші, профессор С.Қ. Ақшолақовтың қайнап тұрған энергиясының, ғылыми және ұйымдастырушылық талантының арқасында қол жеткізілді. Одан басқа, Серік Қуандықұлының және кафедра қызметкерлерінің арқасында ҚР үкіметімен Астана қаласында Республикалық ұлттық нейрохирургия орталығының құрылысы туралы шешім қабылданды. Бұл шешім жүзеге асырылды, қазіргі күнде «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ деп аталатын орталық сәтті қызмет етуде және үдемелі дамуда.

    2019 жылы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ базасында кафедра меңгерушісі Ақшолақов Серік Қуандықұлының бастамашылығымен жеке Нейрохирургия және неврология кафедрасы құрылды. Орталықтың білікті мамандарды кафедраның қызметкерлері болды.


     Кафедраның негізгі міндеттері

Кафедраның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1. резидентураның оқу процесін, нейрохирургия, невропатология және аралас пәндер бойынша қайта даярлау және біліктілігін көтеру циклдерін жүзеге асыру;

2. оқу-әдістемелік құжаттамасын және оқу құралдарын әзірлеу және құру;

3. резиденттерді клиникалық дайындау үшін Қоғамның клиникалық бөлімшелерімен, денсаулық сақтау мекемелерімен өзара әрекеттесу;

4. кафедра қызметкерлерімен фундаменталдық медицинаның көкейтесті мәлелелері және бағыттары бойынша фундаменталдық және қолданбалы ғылыми зерттеулерлерді жүзеге асыру және дамыту.

    

     Кафедраның қызметтері

Кафедра өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі қызметтерді орындайды:

1. талаптардың негізінде мемлекеттік оқыту стандарттарын, оқу жоспарларын, тиісті пәндер бойынша силлабустарды әзірлеу;

2. жаңа курстар әзірлеу, оның ішінде мамандық пәндерін, негізгі пәндерді жаңарту және жаңғырту;

3. оқу жоспарымен кафедраға бекітілген пәндер бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу, тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарына бастамашылық ету, білімді ағымдық бақылау, емтихандар және сынақтар өткізу;

4. әртүрлі емтихан түрлеріне арналған тест сұрақтарының жаңа банкін сынақтан өткізуге, клиникалық хаттамаларды әзірлеуге қатысу;

5. кафедраның пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, жаңа оқу технологияларын енгізу;

6. білім беру сапасын үздіксіз жетілдіру: дәрістер, тәжірибелік және семинарлық жұмыстарды белсендіру, оқу процесіне белсенді, оның ішінде заманауи техникалық құралдарды пайдаланумен модульдік оқыту әдістерін енгізу;

7. Кафедра қызметкерлерінің бастамашылығымен, сондай-ақ гранттық қолдауға сәйкес бюджеттік және бюджеттен тыс шарттармен Кафедраның бағыты бойынша зерттеу және басқа ғылыми жұмыстар жүргізу;

8. резиденттердің ғылыми-зерттеу жұмытарына бастамашылық ету, оларды Кафедраның ғылыми жұмыстарына тарту, жас ғалымдардың ғылыми жұмыстары конкурстарына қатыстыру арқылы олардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру;

9. тиімді оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін Кафедраның пәндері бойынша негізгі, қосымша оқу әдебиеттері және басқа ақпараттық ресурстардағы қажеттіліктерді анықтау;

10. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми әлеуетін толық пайдаланудың тиімді әлістерін іздеу және әзірлеу, жоғары тиімді ғылыми-зерттеу қызметі үшін ынталандыруды құру;

11. ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлауда, ұйымдастыруда, үйлестіруде және жүзеге асыруда ақпараттық, әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету, заманауи ғылыми-техникалық ақпаратты енгізу;

12. Қоғамның ғылыми-зерттеу қызметін регламенттеуші нормативтік құжаттар жобасын әзірлеу;

13. орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылау және оларды жариялауға арналған ұсыныстарды дайындау, зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізуге қатысу;

14. Кафедраның жарты жылдық және жылдық есептерін қалыптастыру және құру.


Т.А.Ә. Дәрежесі Ғылыми дәрежесі мен атағы Мамандығы Біліктілік санаты

Ақшолақов Серік Қуандықұлы

Кафедра меңгерішісі

ҚР ҰҒА академигі, м.ғ.д. профессор

1996 ж.,

14.00.28

Нейрохирург

Жоғарғы санатты нейрохирург

Садықов Асқар Мырзаханұлы

Оқытушы (бас маман ретінде)

м.ғ.к.,

2006ж.,

14.00.28

Нейрохирург

Нейрохирургия (ересектер) практикасы 22.05.2023ж дейін клиникаға рұқсат.

Мұстафин Халит Әбдімәжитұлы

Оқытушы (бас маман ретінде)

Ph. D -14.01.03

2018г

м.ғ.к.-14.01.03

2010г.

Нейрохирург

Бірінші санатты нейрохирург (ересектер, балалар)

26.02.2023ж дейін

Мұстафаев Бағлан Сатылханұлы

Оқытушы (бас маман ретінде)

Философия докторы

Ph.D -6D110100-Медицина,

м.ғ.к.

2010

14 00 13

14 03 03

Нейрохирург

Жоғарғы санатты нейрохирург (ересектер)

23.05.2022ж дейін.

Ауэзова Раушан Жұманазарқызы

Оқытушы (бас маман ретінде)

м.ғ.к.,

2019 г.

14.00.13

Невропатолог

Жоғарғы санатты невропатолог (ересектер, балалар)

19.08.2020ж дейін.

Джамантаева Ботагөз       Дәукімқызы

Оқытушы (бас маман ретінде)

м.ғ.к.,

2010 г.,

14.00.13

Невропатолог

Жоғарғы санатты невропатолог (ересектер)

11.11.2024ж дейін.