Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Нейрохирургиялық қоғамдардың Еуропалық Ассоциациясының білім беру курстары

ТМД алғаш рет Қазақстанның елордасы – Астанада Нейрохирургиялық қоғамдардың Еуропалық Ассоциациясының (EANS) білім беру курстары өткізілді. 

Білім беру курстарының ашылуына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Серікбол Мусинов, «Назарбаев Университеті» ДББҰ Ректор-президенті Шигео Катсо, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма Төрағасы Кен Алибек қатысты. «Қазіргі заманғы нейрохирургия тұрғындар арасындағы өлім-жітімнің алдын алуда және нейрохирургиялық науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуда үлкен жетістіктерге жетті. Көптеген заманауи технологиялар біздің республикамызда өте белсенді түрде дамуда. Елбасымыз Н. Назарбаевтың қолдауы арқасында Ұлттық нейрохирургия орталығы құрылды. Бүгінгі таңда отандық нейрохирургтар нейрохирургиялық бейіндегі ауруларды емдеуде айтарлықтай үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Осы курстарға еліміздің түкпір-түкпірінен біздің әріптестеріміз жиналды», - деді  Серікбол Мусинов. 

EANS білім беру курстары дәстүрлі түрде Еуропада көптеген жылдар бойы өткізіліп келеді. Курстардың негізгі мақсаты - нейрохирургтарға нейрохирургиялық аурулар және оларды емдеудің жаңашыл әдістері туралы соңғы ақпараттарды ұсыну. Курстарға еуропалық тәжірибелі мамандар жиналады және дәрістер мен пікірталастар аясында өз тәжірибесімен бөліседі, сонымен қатар курсанттарға нақты жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. «Осы конгресс нейрохирургтар үшін маңызды іс-шара болып табылады. Конгресс жұмысының шеңберінде шолу дәрісінен кейін курсқа қатысушылар өте өзекті сұрақтарды талқылайтын пікірталасқа қатысушы топтарға бөлінеді. Білім беру курстары жұмысы аясындағы егжей-тегжейлі пікірталас және оқыту курсанттар мен жас дәрігерлерге ең күрделі сұрақтардағы түрлі мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік береді. Менде қазақстандық дәрігерлер өте белсенді деген пікір туындады және менің ойымша сіздердің нейрохирургтарыңыздың болашағы мол», - деп атап өтті Нейрохирургиялық қоғамдардың Бүкіләлемдік Федерациясының Білім беру комитетінің төрайымы Йоко Като. 

Нейрохирургия орталығының базасында өткізілген бірінші курс нейроонкология, функционалды нейрохирургия және нейрожарақат проблемаларына арналған. Курстарда аталған салалардағы емдеудің соңғы үлгідегі әдістері оқытылады, соның арқасында Қазақстан нейрохирургиясына жоғарғы технологиялар трансферті жүзеге асырылады. Астанаға  Ресей, Франция, Чехия, Эстония, Түркия, Израильдың жетекші нейрохирургтары дәрістер оқу және пациенттерге консультациялар беру үшін жиналды.