Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Интернет ресурстары

Ғылыми-ақпараттық орталық заман талабына сай жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылған компьютерлермен, принтерлермен, копировальді-көбейту техникаларымен жабдықталған. Оқырмандардың Springer, Webofknowledge, WebofScience (ThomsonReuters), Scopus, ScienseDirect (Elsеvier), Ebsco, Hinary, Medline, Pubmed сынды істен шыққан ақпараттар базалармен жұмыс жасауына мүмкіндігі бар, бұл тақырып бойынша ғылыми ақпараттарды, публикацияға журналдарды іздеу жұмыстарын жеңілдетеді. Ақпараттар базасы ізденушілерге бірқатар басқа да басылымдар платформасынан ғылыми техникалық және медициналық мақалаларды қарастыруға жол ашады.

Электронды оқулықтардың 25,5 ГБ болатын орасан зор кітапхансы медицина саласы туралы ғылыми ақпараттарға толы.

Springer – Springer компаниясының тұтынушыларға қызмет көрсету Орталығы. Орасан зор ғылыми әдебиеттер қоры бар коллекцияда 2 мыңнан астам рецензиялы журналдар бар. 35 мыңнан астам электронды оқулық қамтылған. Бұл Орталық 23 мыңнан астам ғылыми журналдар, 23 миллион патент, 110 мың ғылыми конференцияларының материалдары жинақталған әмбебап реферативті ақпараттар базасы болып табылады. Бұл платформада Medline – АҚШ ұлттық медициналық кітапханасы негізінде құралған ілемдік деңгейдегі ең ірі ақпараттар базасы болып табылады.

www.springerlink.com - Springer ақпараттар базасының электронды толық мәтінді қоры, келесі қызмет түрлерін пайдалануға болады: электронды оқулықтар, кітаптар, электронды анықтамалар, журналдар, on-line-журналдарының мұрағаты, on-line-кітаптарының мұрағаты, on-line-мұрағаттар жинағы, SpringerProtocols (Протоколдар), SpringerMaterials (Материалдар), SpringerImages (Суреттер), Zentralblatt MATH (Орталық газет), және веб-сайтта бар басқа да материалдары.

ThomsonReuters(www.thomsonreuters.com) – WebofKnowledge платформасында орналастырылған электронды ғылыми басылымдар.

WebofKnowledge – мультидисциплинарлы электронды ғылыми-зерттеу платформасы, өз ішіне ThomsonReuters компаниясының пәнаралық және бір мамандандырылған ақпараттар базасы.

www.isiknowledge.com – бұл қорда келесі ғылым аяларының жариялану жиілігі туралы ақпараттар бар: жаратылыстану, гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар және конференциялар материалдары. Қамтылу тереңдігі 1975-2012 жылғы толық мәтінді библиографиялы журналдардан басталады. Бұл жерден Сіз жинақ, сипаттама және сақталу мерзімі туралы мәліметтерді де ала аласыз.

Elsevier (Scopus® ScienceDirect®) www.sciencedirect.com

Elsevier ақпараттар базасы ғылыми баспа индустриясында ерекше орын алады. Ғылыми журналдардың озық тәжірибесін, ғылыми журналдарды, кітаптарды, реферативті және өзге де ақпараттар қорын жинақтаған. Сонымен қатар үздіксіз барлық ғылыми аспектілердегі және медициналық зерттеулердегі өзекті инновациялық мәселелерді қолдау барысында әзірлемелер жасалады.

Elsevier – ScienceDirect неге жол ашады? 2 500 толық мәтінді журналдарға, 11 000 онлайн-кітаптарға, SciVerseScienceDirect, SciVerseScopus, Reaxys, Emabse, EngineeringVillage базаларына, сонымен қатар сараптаманың инновациялық жүйесіне, SciVal жүйесінде ғылыми зерттеу жұмысымен айналысу мүмкіндігіне қол жеткізуге болады. Толық мәтінді журналдар қоры 2006 жылдан бүгінгі күнге дейін жетеді, кітап қоры 2009 жылдан 2010 жылға дейін жетеді. Elsevier басылымының толық мәтінді журналдарының электронды желісі 2008 ж. 1 қаңтарынан жарияланып келеді.

Scopus (Elsеvier)www.scopus.com әлемдегі ең ірі 18 000 астам ғылыми техникалық журналдарды, шамамен 4 000 халықаралық баспаларды индексациялайтын бірегей реферативті ақпараттар базасы болып табылады. Күнделікті жаңа ақпараттармен толықтырылып отыратын Scopus ақпараттар базасы жетекші басылымдардың бірінші номерінен бастап жинақ жасаған. Ғылыми мақалаларды іздеуде таптырмас көмекші құрал бола алады және барлық қол жетімді мақалалардың қысқаша мазмұндарын ұсынады.

Ebsco – ақпараттық қызмет көрсету нарығындағы электронды қызмет көрсету және ақпараттар қорын жеткізушілердің ішіндегі жетекшісі болып табылады. Бұл ақпараттар қоры түрлі пайдаланушылар үшін 200 ғылыми, техникалық және медициналық ақпарат қорларын үсынады. Ebsco ақпараттар қорында 30 000 аса толық мәтінді журналдар, кітаптар, брошюралар, газеттер, анықтамалар және сараптамалық шолулар бар.

Medline – медицина саласы бойынша құнды ақпараттар жинақтаған қор, оның ішінде ауру адамдарды күту, стоматология, ветеринария, денсаулық сақтау жүйесі, клиникаға дейінгі ғылымдар және де басқа ақпараттар бар.

Hinary денсаулық сақтау аясындағы зерттеулерге жол ашатын бағдарлама, бұл бағдарлама арқылы негізгі биомедициналық және әлеуметтік журналдарды еркін пайдалануға болады. Hinary 2002 жылдың қаңтар айында 6 ірі баспаханалардың (Blackwell, ElsevierScience, theHarcourtWorldwide STM Group, WoltersKluwerInternationalHealth&Sciience, SpringerVerlagandJohnWiley) 1500 журналымен өз жұмысын бастаған. Содан бері қатысушы баспалар мен журналдар , өзге де толық мәтінді қорлар саны үздіксіз өсіп отырған. Бүгінгі күні 150 серіктестер 15 000 аса ақпарат қорларын және де өзге де көптеген тың ақпарат қорлары иелері Hinary бағдарламасына ұсынуда.

The BMJ (BritishMedicalJournal) – Британ медициналық журналы

1840 жылдан бері шығарылады. Оның апта сайынғы таралымы шамамен 122 000 дананы құрайды, оның 10 000 данасы Ұлыбританиядан тыс жерлерде таратылады. 1995 жылдан бастап электронды базасы жұмыс жасайды.

Бүгінде BMJ халықаралық рецензияланған медициналық журнал болып табылады. Пайдаланылатын модель "үздіксіз басылым" деп аталады және ол барлық мақалалардың bmj.com сайтында басылымнан бұрын шығатындығын білдіреді. Сайтта күнделікті соңғы бірегей ғылыми зерттеу нәтижелері туралы, білім жаңалықтары, жалпы жаңалықтар, мақалалар мен коментарийлер, сонымен қатар бейне және блогтар шығады.

В соответствии с договоренностью между BMJ пен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі арасындағы келісімге сай Қазақстанның медициналық мекемелеріне BMJ ақпараттық базасына алдыңғы қатарлы медициналық тәжірибе, білім аясында жол ашық.