+7 (7172) 62-11-00,
+7 701 062 11 00(Kcell/Activ),
+7 747 511 60 00(Altel)

010000, Қазақстан Республикасы, Астана, Тұран даңғылы 34/1

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру

2007 жылдың 27 маусымындағы ҚР "Білім туралы" Заңына сай, 2012 жылдың 10 маусымында оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сай және 2009 ж. 4 тамызындағы ҚР Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Бірегей Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің атқаратын шаралар жоспарын бекіту туралы" № 1174 Қаулысын жүзеге асыру барысында халыққа қол жетімді жоғары мамандырылған көмек көрсетуді қамтамасыз ету және медицинаның соңғы жетістіктерін денсаулық сақтау жүйесі тәжірибесіне енгізу мақсатында "ҰНО" АҚ "нейрохирургия, оның ішінде балалар нейрохирургиясы" мамандығы бойынша қайта даярлау циклын өткізеді. Сонымен қатар нейрохирургияның өзекті мәселелері мен мамандардың талаптарына орайластырылған, денсаулық сақтау жүйесі мамандарының үздіксіз кәсіби білім алу жүйесінің модульді-жинақтаушы қағидасын есепке ала отырып біліктілікті көтеру циклы өткізіледі.
Цикл тыңдаушыларының даярлығы ҚР ДСМ 26.11.2009 ж. № 778 бұйрығымен, ҚР ДСМ 26.01.2012 ж. № 51 бұйрығымен бекітілген және күшіне енген ҚР қосымша білім беру Мемлекеттік стандарттарына және ҚР ДСМ 23.11.2010 ж. бекітілген типтік оқу бағдарламасына сай жүргізіледі. Резентурадағы оқу-әдістемелік құжат 27.04.2010 ж. № 9 "Қосымша медициналық және фармацевттік білі баратін факультеттерде, білім беру ұйымдарында" Инструктивті хатына сай жүргізіледі.


«ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ

2017  ЖЫЛҒА  АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЦИКЛДАРЫН ӨТКІЗУ ЖОСПАРЫ

Мамандықтар номенклатурасына сәйкес мамандық

(ҚР ДСМ 24.11. 2009 жылғы № 774 бұйрығы)

Біліктілікті арттыру циклы

Цикл ұзақтығы

Өткізу күні

«Невропатология» бойынша жоғары кәсіби білімі бар мамандар

Қозғалыс бұзылыстарын диагностикалау және емдеу

54/1

10.04 – 14.04.17

«Балалар нейрохирургиясы» бойынша жоғары кәсіби білімі бар мамандар

Балалар нейрохирургиясындағы жедел жәрдем. Орталық нерв жүйесінің даму кемістіктері. Мидағы және жұлындағы патологиялар кезіндегі хирургиялық әдістер бойынша тренингтер.

108/2

03.04 – 14.04.17

«Ересектер нейрохирургиясы» бойынша жоғары кәсіби білімі бар мамандар

Омыртқа мен жұлындағы патологиялар кезіндегі кіші инвазиялық нейрохирургия. Омыртқаны тұрақтандыру әдістері бойынша тренингтер.

108/2

17.04 – 28.04.17

«Ересектер нейрохирургиясы» бойынша жоғары кәсіби білімі бар мамандар

Нейроонкологиядағы инновациялық  технологиялар. Патологиялық ошаққа жету әдістері бойынша тренингтер. Қателіктер және асқынулар.

108/2

02.10 – 13.10.17

«Ересектер нейрохирургиясы», «Ересектер невропатологиясы», «Ересектер анестезиологиясы және реанимацияы» бойынша жоғары кәсіби білімі бар мамандар

"Инсульттар. Мультидисциплинарлық  бригаданың науқастарды диагностикалауы, емдеуі және қарау тәсілі. Тромболитикалық терапия».

54/1

Бір жыл ішінде.

Топтардың жинақталуына қарай

«Ересектер нейрохирургиясы» бойынша жоғары кәсіби білімі бар мамандар

"Цереброваскулярлық патологиялар және жіті инсульт кезіндегі эндоваскулярлы және  микронейрохирургия".

108/2

Бір жыл ішінде.

Топтардың жинақталуына қарай

«Ангиохирургия» (интервенциялық хирургия), ересектер ангиохирургиясы» бойынша жоғары кәсіби білімі бар мамандар

"Нейроанатомия және  неврология курсымен эндоваскулярлы  нейрохирургия. 1- модуль".

216/4

Бір жыл ішінде.

Топтардың жинақталуына қарай

«Ересектер ангиохирургиясы» (интервенциялық хирургия)» бойынша жоғары кәсіби білімі бар мамандар

"Нейроанатомия және  неврология курсымен эндоваскулярлы  нейрохирургия. 2- модуль".

216/4

Бір жыл ішінде.

Топтардың жинақталуына қарай

«Ересектер невропатологиясы», «Ересектер медициналық   реабилитологиясы (физиотерапевтер, емдік денешынықтыру)» бойынша жоғары кәсіби білімі бар мамандар

"Инсульт кезіндегі оңалту сұрақтары"

54/1

Бір жыл ішінде.

Топтардың жинақталуына қарай

«Мейіргер ісі»,

Орта медициналық және фармацевтикалық білімі және бастапқы кәсіби білімі бар мамандар

Медициналық реабилитология. ЕДШ нұсқаушыларын дайындау.

 

216/4

Бір жыл ішінде.

Топтардың жинақталуына қарай

Жоғары кәсіби білімі бар мамандар,

Логопедтер

"Инсульт алғаннан кейін афазиясы бар пациенттерді оңалту

54/1

Бір жыл ішінде.

Топтардың жинақталуына қарай

«Мейіргер ісі»,

Орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар және бастапқы кәсіби білімі бар мамандар

Инсульт кезіндегі мейіргерлік күтім

54/1

Бір жыл ішінде.

Топтардың жинақталуына қарай

    Оқыту ұзақтығы және баға прейскуранты

Оқу ұзақтығы

Сағат саны

Оқу ақысы

1

Біліктілікті арттыру циклдары

120 сағат

60 сағат

87 717 теңге

38 138 теңге

2

Қайта даярлау циклы

1080 сағат/ 20 апта

609 252 теңге

Циклға жазылу үшін "РНХҒО" АҚ Басқарма Төрағасы м.ғ.д. профессор Ақшолақов Серік Қуандықұлына мамандығы, циклдың атауы, мерзімі және циклдан өтетін маманның А.Ж.Ә. көрсетілген ұсыным жіберіледі. Барлық келіп түскен ұсынымдар қаралады және қанағаттандырылады.
Біліктілігін көтеру және қайта даярлау циклынан өту үшін қажетті құжаттар:

1. Жұмыс орнынан ұсыным (тыңдаушы өз қаржысы есебінен оқыған жағдайда тыңдаушының атынан "РНХҒО" АҚ Басқарма Төрағасы м.ғ.д. профессор Ақшолақов Серік Қуандықұлына арыз).

2. Диплом көшірмесі. 

3. Жеке бас куәлігінің көшірмесі.

4. Маман сертификаты.

5. Соңғы жылдары өткен біліктілігін көтеру туралы куәліктердің көшірмелері.

6. Жұмыс орнынан оқуға жіберілгендігі туралы бұйрық.

7. Санитарлық кітапша.

8.Медициналық халат, хирургиялық костюм және ауыстырмалы былғары аяқ киім.

Тәжірибелік дағдыны меңгеру сапасы оқытудың барлық кезеңдерінде жүйелі түрде бақыланады, курсты бітірген мамандарға мемлекеттік үлгідегі сертификаттар беріледі.

Бөлім бастығы – м.ғ.к. доцент Еликбаев Галымжан Мамырбекұлы.
Барлық сұрақтар бойынша берілген байланыс телефондарымен хабарласуға болады Тел.: 8 (7172) 62-11-02, 62-10-89 (факс).