+7 (7172) 62-11-00,
+7 701 062 11 00(Kcell/Activ),
+7 747 511 60 00(Altel)

010000, Қазақстан Республикасы, Астана, Тұран даңғылы 34/1

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Шеберлік-кластар

2013 жыл

2013 жылдың 13-18 мамырында Түрік Республикасы, Денизли қаласы, Памуккале институтының функционалды нейрохирургия бөлімінің жетекшісі, нейрохирургия департаментінің профессоры Феридун Аджардың қатысуымен "Қозғалыс қызметінің бұзылуы кезінде мидың терең құрылымының стимуляциясы" тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізілді.

2012 жыл

"Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы" АҚ шетелдік профессорлардың шақырылуымен шеберлік сабақтарын өткізілді:

1) «Жүйке жүйесі ісіктерінің қазіргі патоморфологисы», прозектуралық патологиялық анатомия лабороториясының жетекшісі, проф. А.Л. Поленов атындағы Ресей нейрохирургиялық институтының патологиялық анатомия лабораториясының аға ғылыми қызметкері, Н.Н. Петров атындағы Онкология Ғылыми зерттеу институтының профессоры Мацко Д.Е., 2012 жылдың 12-17 наурызы аралығы.

2) «Нейроонкологиядағы химия және радиотерапияның қазіргі стратегиясы»

. Руководитель отделения детской гематоонкологии больница университета им. Бен Гуриона атындағы университетінің «Сорока» ауруханасының балалар гематоонкологиясы бөлімінің жетекшісі, профессорКапелюшник И., Беер-Шева, Израиль. 09-12 сәуір 2012 жыл.

3) «Қазіргі функционалды нейрохирургия» Профессор. НИИ нейрохирургии им. Москва қаласы Бурденко Н.Н. атындағы нейрохирургия Ғылыми зерттеу институының профессоры Шабалов В. А. 28 мамыр 02 маусым аралығы 2012 жыл.

4) «Бас сүйегі негізі ісіктерінің хирургиясы» Профессор Фогель З. Международная клиника Берлин қаласы, «Меуо» халықаралық клиникасы, Германия., 27 маусым 02 шілде аралығы 2012 жыл.

5) «Стереотаксикалық нейрохирургия», PhD докторы, Hospital Na Homolce клиникасы стереотаксикалық және радиациялық нейрохирургия бөлімінің нейрохирург-дәрігері, Прага, Чехия, 25 - 29 қараша 2012 жыл. Шеберлік сабағы дәрістен басталып, соңы пікір таласқа ұласты, одан соң радиологпен тәжірибелік сабағы, стереотаксикалық қондырғымен танысу, қолодану сабағы өткізілді, аталмыш шаралардың барлығы диагностикалық хаттамаларды талқылаумен қорытындыланды. Операцияға дайындалған емделушілерді қараудан өткізді. Шеберлік сабақ барысында мидың терең қабаттарына орналасқан ісіктерді алып тастау операциясы екі рет өткізілді. Операциялар сәтті өтті, қиындықтар байқалмады. Мидың терең қабаттарына орналасқан ісіктерді алып тастау операциялары бойынша тренингтер өткізілді. Шеберлік сабақтары біткен соң Hospital Na Homolce клиникасы (Прага, Чехия)сертификаттары табысталды.

2012 жылы "РҒНХО" АҚ менторлық институтын енгізу аясында Ресей, Германия, Швейцария, т.б. бірқатар шет елдерден дәрігерлер шақырылып, олар Орталық мамандарына шеберлік сабақтарын беріп, дәрістер оқыды, операциялар жасап, семинарларда талқыланды.

Бас сүйек, ми жарақаттарының салдары бар емделушілерді емдеу, қалпына келтіру және диагностикасын жетілдіру

2012 жылдың 13 - 26 қыркүйегі арасында «Бас сүйек, ми жарақаттарының салдары бар емделушілерді емдеу, қалпына келтіру және диагностикасын жетілдіру» тақырыбы аясында медицина ғылымының докторы, ФГБУ "Профессор А.Л. Поленов атындағы Ресей ғылыми зерттеу нейрохирургиялық институтының" нейрохирург-ғылыми қызметкері Андрей Васильевич Климаш емделушілерді қарап, оларға нұсқаулықтар жасады. Келесі тақырыптарда дәрістер оқылды:

1) Ауыр бас сүйек-ми жарақаттары бар аурулардың бас сүйек-ми жарақаттары диагностикасының және супратенториальді компрессиясының клиникалық бейнесінің ерекшеліктері;

2) Ауыр бас сүйек-ми жарақаттары болған жағдайда мидың супратенториальді компрессиясының электроэнцефалографикалық диагностикасы.

3) Ауыр бас сүйек-ми жарақаттары болған жағдайда мидың супратенториальді компрессиясының компьютерлік-томографиялық диагностикасы;

4) Ауыр бас сүйек-ми жарақаттары бар аурулардың емдеу қағидалары;

5) Вегетативті жағдай диагностикасының ерекшеліктері;

6) Вегетативті жағдайдың ағымын болжау, емделушілерді консервативті емдеу әдістері;

7) Ми және жұлын электростимуляциясының әдістері.

Ісіктердің иммуногистохимиялық диагностикасы

Орталықтың патологоанатомиялық бөлімінде 2012 жылдың 08 - 12 қазан күндері белгілі Ресей ғалымы Петров Семен Венедиктович шақырылған болатын.

Петров Семен Венедиктович Халықаралық Патология Академиясының Ресейлік бөлімінің Президенті, медицина ғылымының докторы, Қазан Мемлекеттік медициналық университеті патологиялық анатомия кафедрасының профессоры, Татарстан денсаулық Министрлігінің Республикалық Қазан қаласындағы клиникалық онкологиялық диспансерінің ісіктердің иммуногистохимиялық диагностикасы референстік лабораториясының меңгерушісі.

Петров С.В. ісіктердің иммуногистохимиялық зеттеулері бойынша зор тәжірибе жинақтаған ғалым, 200 астам ғылыми мақалалардың авторы, Ресей бойынша ісіктердің иммуногистохимиялық диагностикасы турасында толық жетекшілік ететін бірегей дәрігер.

Петров С.В., емделушілердің ісіктерінің интраоперациялық биопсиясы бойынша консультациялар өткізді, ісіктердің экспресс-диагностикасы жасады, "Орталық жүйке жүйесі бастапқы ісіктерінің морфологиялық және ИГХ диагностикасы", "Мидағы метастаздардың морфологиялық және ИГХ диагностикасы", "Қазіргі онкоморфология (обыр, лимфома және олардың орталық жүйке жүйесін зақымдауы) және онкоморфологиялық тәжірибеде молекулярлық әдістерді қолдану", "Сүйек және жұмсақ тіндер ісіктерінің морфологиялық диагностикасы" тақырыптарында дәрістер оқыды.

Нейрореабилитация

2012 жылдың 22 қазан мен 02 қараша аралығында Karl-Heinz Mauritz, Berlin, Germany шақырылып, «Нейрореабилитация» тақырыбында дәріс оқыды.

Карл–Хайнс Мауриц - невролог, реабилитолог, Берлиндегі университеттік «Шарите» клиникасы және Бенджамин Франклин атындағы ауруханасында неврологиялық реабилитация кафедрасының меңгерушісі. Профессор Мауриц К-Х. Берлин қаласындағы «Median» реабилитациялық орталығының жетекші маманы.

Германиядағы неврологиялық және ортопедиялық реабилитации аясындағы өзінің 20–жылдық тәжірибесінде ерекше тренажерлар арқылы физиологиялық дағдыларды қалпына келтіру әдістемесін сәтті енгізді, емдік жаттығулар әдістемесін әзірледі, ботокс препаратын қолдану салдарынан туындайтын гемипарез емдеу тәжірибесі жемісті болды.

Бас сүйек негізі ісігінің микрохирургиясы

2012 жылдың 12 - 16 қарашасында орталық базасында Evaldas Cesnulis MDPhD и Nicolas de Tribolet (Цюрих, Швейцария) Университеттік госпиталінің профессорларының шақырылуымен "Бас сүйек негізі ісігінің микрохирургиясы" тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

Evaldas Cesnulis, профессор Nicolas de Tribolet шақырылған мамандары Швейцарияның жетекші мамандары болып табылады, Swisssociety of neurosurgery, Swiss Society of Neurology, American Association of Neurological Surgeons (AANS), Congress of Neurological Surgeons (USA), American Academy of Neurosurgery, Society of University Neurosurgeons (USA)Senior Society of Neurological Surgeons (USA),Association des Médecins, Genève (AMG ) сынды халықаралық компетентті ұйымдардың мүшелері.

Ми ісіктерін алып тастауға арналған күрделі нейрохирургиялық операциялар жасалды. Операциялар арасында емделушілерге қарау жасалды, сонымен қатар диагноздар мен емдеу процедуралары талқыланды.

Нейрохирургиядағы нейрореабилитация

2012 жылдың 14-23 қараша аралығында ФГБУ «Проф. А.Л. Поленов Ресей нейрохирургиялық ғылыми-зерттеу институтының» профессоры, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі директорының орынбасары медицина ғылымының докторы Иванова Наталия Евгеньевна шақырылып, «Нейрохирургиядағы нейрореабилитация» тақырыбында дәріс оқыды.

Орталық бөлімдерінде келесі тақырыптарда дәрістер оқылды:

1. Нейрохирургиядағы нейрореабилитация: мәселелер мен перспективалар.

2. Медикоментозды-резистентті қояншық кезіндегі реабилитациялық емдеу жүйесіндегі қояншық.

3. Стволды дисфункции коррекциясының әдістері.

4. Гемморагиялық инсульт, мәселе, сұрақ, жауап, емдеу тактикасы.

5. Хиазмально-селлярлы аумақтағы көлемді ісіктер, клиникалық ерекшеліктер, ерте реабилитация.

6. Объемные образования мосто-мозжечкового угла, анатомические особенности, вопросы ранней реабилитации.

7.Ишемиялық инсульт, этиология, патогенез, интенсивтік терапия.

8.Аурулардың жауырындарын қалпына келтіру реабилитациясы.

9.Нейрореабилитация хаттамалары .

10. Ми қан тамырлары нейрохирургиялық ауытқушылықтары бар аурулардың нейрореабилитациясы.

11. Сырқаттың функционалдық жағдайының кезеңді коррекциясы және реабилитациялық шаралардың тиімділігін бағалау үшін КСИ-потенциалометрия әдісін қолдану.

12. Мидың артерио-венозды мальформациясы бар сырқаттардың ерте реабилитацисы кезіндегі селективті фотохромотерапиясы және КСИ-потенциалометриясы.

13. Жарақатсыз жағдайдағы басқа қан құйылу кезіндегі вегетативті ауытқулар және адаптивті нейрореабилитация.

14. Нейрохирургия нейропротекция.

15. Арқа аурулары бар сырқаттардың реабилитациясы.

16. Ауырсыну және спазмалық синдромдар.

17. Бас аурулары. Жүйелі қараулар.

18. Инсульттан кейінгі реабилитация.

Емлелушілерге қараулар жасалды, кеңестер өткізілд, Орталық мамандарымен диагноз талқылаулары жүргізілді.

Жұлын нейростимуляциясы

2012 жылдың 05 - 16 қарашасында профессор Geert Spincemaille жұлын нейростимуляциясы бойынша менторлық өткізу үшін шақырылы.

Профессор Geert Spincemaille, PhD, Голландияның Маастрихт қаласындағы Университеттік клиниканың нейрохирургы. Еңбек өтілі 38 жыл. Созылмалы нейропатиялық аурулар және аяқтың ишемиялық ауытқушылықтары мәселесімен айналысады. Дүниежүзілік және еуропалық нейрохирургиялық қауымдастықтардың ассоциациясының мүшесі, 50-ге жуық ғылыми еңбектері бар.

Профессор Герт Спинсмайл дәрістер оқып, презентациялар көрсетті, жұлын стимуляторы имплантациясы бойынша операция жасап, көрсетті.