+7 (7172) 62-11-00,
+7 701 062 11 00(Kcell/Activ),
+7 747 511 60 00(Altel)

010000, Қазақстан Республикасы, Астана, Тұран даңғылы 34/1

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Лицензиялар

Қазақстанның «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Халықаралық Біріккен комиссия (Joint Commission International) аккредитациясының сертификатын алды, JCI аккредитациясы Медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін әлем обьективті мойындайтын «алтын стандарт» болып табылады. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ JCI аккредитациясын алған Қазақстанда екінші, ТМД елдері арасында үшінші медициналық ұйым болып табылады. Бұл салада JCI әлемдегі ең ірі және байырғы ұйым. JCI аккредитациясының бар болуы медициналық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігі деңгейін жоғарылатады. Аккредитация статусы Халықаралық Біріккен комиссияның топтық аудиторларының тексерулеріне сәйкес, егер ұйым 1200 халықаралық стандарттардың талаптарына сай келсе ғана беріледі. Аккредитация сертификаты үш жылға жарамды, үш жылдан кейін аккредитация туралы шешімнің қабылдануымен қайта бағалау жүргізіледі. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ – шетелдік басқарудың қатысуынсыз JCI Халықаралық Біріккен комиссиясының аккредитациясынан өз бетімен өткен Қазақстандағы алғашқы ұйым. Бұл қазақстандық кадрлардың –дәрігерлердің, мейіргерлердің және денсаулық сақтауды басқарушылардың жоғарғы деңгейдегі потенциалын көрсетеді. Клиника қызметтердің сапасын бағалау мен арттырудың басқа да бағдарламаларына (ISO халықаралық стандарттары бойынша сертификаттау, ұлттық аккредитацияны алу, ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың «Алтын Сапа» сыйлығын алу үшін конкурсқа қатысу) қатысу жолымен тұрақты түрде көрсететін қызмет сапасын жетілдіріп отырады. JCI аккредитациясының бар болуы – өз елінен басқа елдерге жоғары сапалы медициналық қызметтерді алу мақсатымен шығатын медициналық турист – пациенттердің сенімінің кепілі ретінде бағаланады.